Алматыға робототехника бойынша жарысқа 30 команда жиналды

Алматыда оқушылар арасында робот құрастырудан чемпионат өттi

Алматыда мектеп оқушылары арасында робот жасаудан республикалық IV «IITU Robocon Games» чемпионаты өттi. Бұған дейiн қалалық, облыстық деңгейде өткен байқау биыл алғаш рет елiмiздiң аймақтарынан келген дарынды балалардың басын қосты. Әрiптесiм Гүлжан Көленқызы жалғастырады.

Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қолдауымен Халықаралық ақпараттық технологиялар университетi ұйымдастырған байқауда ел аймақтарынан келген 30 команда өздерi жасаған роботтарын көрсеттi. Байқауда Arduina (ардуина) базасы негiзiнде пультпен басқарылатын және енгiзiлген бағдарламаны автоматты түрде жүзеге асыратын роботтардың белгiлi бiр уақытта тапсырманы орындау ептiлiгi мен командалық бiрлiк бағаланды.

Махмуд Хасан, қазылар алқасының мүшесi, профессор:

— Балалардың еңбегiн халықаралық талаптар бойынша сараптаймыз. Бiрiншiден, роботтардың технологиясы, екiншiден, бағдарламаның қойылуы есепке алынады. Роботтар кедергiге төтеп бере алуы керек. Сондай-ақ командалық жұмыс та ескерiледi.

Мұндай байқаулар дарынды балалар үшiн таптырмас тәжiрибе алаңы дейдi ұйымдастырушылар. Сондай-ақ роботехниканың дамуына жол салып, елiмiзде инновациялық технологияның игiлiгiн көруге негiз болатыны сөзсiз.

Наргиз Асқарбекқызы, «Maker Space Almaty» командасының мүшесi:

— Бiз дайындықты қыркүйек айында бастадық. Үш ай бойы дайындалдық. 004109 Болашақта мен электр-инженер болғым келедi. Және осы байқауға дайындық кезде жинаған дағдыларым маған көмектеседi деп сенемiн.

Ғазиз Дүйсенбаев, №165 мамандандырылған лицей ұстазы:

— 1 Былтырғы робокон 2017-де төртiншi орын алғанбыз. Биыл сол деңгейдi түсiрмей, көтеруге тырысамыз.

Республикалық байқауға Назарбаев зияткерлiк мектептерiнiң, Бiлiм инновация лицейлерi мен физика математика бағытындағы мамандандырылған мектептердiң дарынды балалары қатысты. Байқау жеңiмпаздарына бағалы сыйлықтар, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетiнде оқуға грант берiлдi.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Сержан Жұмабаев

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/283887-almatyda-o-ushylar-arasynda-robot-rastyrudan-chempionat-tti

13.12.2018
Қаралым саны: 1506
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz