Сәуірдің сегізі күні Талшық орта мектебінде әлеуметтік педагогтармен семинар өткізілді. Қаралған сұрақтар:
- 2021-2023 жылдарына арналған оқушылардың сапалы тамақтануын қамтамасыз ету бойынша Жол картасы бағдарламасын іске асыру;
- Тамақтану сапасын мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың (бракераждық комиссиялар) мониторингті жүзеге асыруы бойынша ұсынымдар;
- Білім беру ұйымдарындағы тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияларға арналған жаднама.
Семинарда мектеп сайтына, күнделік плотформасына тамақтану сапасын мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мониторингті жүзеге асыруы бойынша (АКТ, жұмыс жоспары, бұйрық, перспективті және күндік ас мәзірі фотомен) қандай құжаттар салу керекті айтылды.
Семинар өте тиімді болды. Әлеуметтік педагогтар көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, бір-бірімен атқарып жатқан жұмыстары бойынша ақпаратпен бөлісті.
Өткізген: Білім бөлімінің бас маманы С.К. Закарина
Памятка для комиссий (DOCX 48 Kb)
Рекомендации комиссиям (DOCX 94 Kb)
Тамақтануды ұйымдастыру қағидаларына өзгерiстер енгiзу мәселелерi бойынша
ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi балаларды тамақтандыру сапасын арттыру мақсатында конкурстық рәсiмдердi мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай электрондық форматына көшiрдi.
Бұл қадам — конкурстың айқындылығын арттырып, құжаттар санын қысқартып, жеткiзушiлерге өтiнiм толтыруға жұмсалатын уақытты үнемдейi. Сондай-ақ, қаржылық бақылау органдары жедел электрондық бақылауды жүзеге асыра алады.
Конкурсқа қатысушылардың бiрi конкурстық комиссияның әрекетiне шағым түсiрген жағдайда, конкурсты жою, өнiм берушiмен шартты бұзу және уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың актiлерi негiзiнде жеңiмпазбен шарт жасасу рәсiмiн тоқтата тұру бойынша нормалар енгiзiлдi.
Сонымен қатар бiлiм беру ұйымдары мен органдарға, қызметтердi, тауарларды жеткiзушiлерге қойылатын талаптар күшейтiлдi.
Мектептерде тамақтануды ұйымдастыру туралы ата-аналарды хабардар ету үшiн бiлiм беру органдары мен ұйымдарының сайтында «Мектептiк тамақтандыру» айдары, сондай-ақ «Күндiк» жүйесiнде ас мәзiрi, тағамдардың фотосуретi, бракераж комиссияларының және ведомствоаралық сараптама топтарының актiлерi қоса берiледi.
Қалалық мектептер асханаларының ас блоктарында бейнебақылау жүйесi орнатылады, сондай-ақ балалардың тамақтануына ата-ананың бақылауды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесi енгiзiледi.
Бiлiм алушыларға жедел және сапалы қызмет көрсету мәселелерiн шешу үшiн бiлiм алушылардың санына байланысты аспазшылар мен ас блоктары қызметкерлерiнiң санына қойылатын талаптар қарастырылған. Мысалы, егер мектепте 1501-ден 2500-ге дейiн бiлiм алушы болса, онда өнiм берушi кемiнде 3 аспазшы мен 5 ас үй жұмысшысы қызметiн қамтамасыз етуi тиiс.
Өнiм берушi ай сайын пайдаланылатын тамақ өнiмдерiнiң сапасын, конкурсты өткiзу кезеңiнде өзi мәлiмдеген ас блогы қызметкерлерiнiң сандық және сапалық құрамын растайтын болады.
Министрлiк ҚР Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп бiлiм беру органдары мен ұйымдары, кәсiпкерлер үшiн оқыту семинарларын өткiзудi жоспарлап отыр.
Мақаланы құрған күні 18.06.2020 17:30
Мақаланы жаңартқан күні 25.04.2022 16:44