Баланың суретiн пайдалану және орналастыру кезiнде балалардың құқықтарын сақтауға
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес қандай да бiр адамның бейнесiн оның келiсiмiнсiз пайдалануға ешкiмнiң құқығы жоқ (145-б. 1-т.). Баланың бейнесiн/суретiн пайдалануға және орналастыруға ата-анасының немесе заңды өкiлдерiнiң жазбаша келiсiмiмен ғана жол берiледi.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес қандай да бiр адамның бейнесiн оның келiсiмiнсiз пайдалануға ешкiмнiң құқығы жоқ (145-б. 1-т.). Баланың бейнесiн/суретiн пайдалануға және орналастыруға ата-анасының немесе заңды өкiлдерiнiң жазбаша келiсiмiмен ғана жол берiледi.
Сондай-ақ, балалардың дербес деректерiн қорғау құқығын бұзу әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылады және айыппұл салуға әкеп соғады:
- жеке тұлғаларға 10 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде (бұдан әрi — АЕК);
- лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға — 20 АЕК мөлшерiнде;
- орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне — 30 АЕК мөлшерiнде;
- iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне — 70 АЕК мөлшерiнде, әкiмшiлiк құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз (Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексiнiң 79 бабы).
БҰҰ-ның «Бала құқықтары туралы» Конвенциясының 16-бабына сәйкес бiрде-бiр бала өзiнiң жеке өмiрiне, отбасылық өмiрiне, тұрғын үйге қол сұғылмауына немесе хат-хабар құпиясына немесе оның абыройы мен беделiне заңсыз қол сұғуға құқығын жүзеге асыруға өз бетiнше немесе заңсыз араласу объектiсi бола алмайды.
Балалардың құқықтарын бұзудың осы түрлерi де қылмыстық жауапкершiлiктi көздейдi (ҚР Қылмыстық Кодексiнiң 147-бабы).
«www.atamekenim.kz» порталы «Мектепке жол» платформасын құру
Ағымдағы жылы республикада көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы оның дәстүрлі басталуына бір ай ерте, шілде айынан басталғандығы өздеріңізге белгілі.
«Ата мекенім» қоғамдық қорының қолдауымен «www.atamekenim.kz» порталында көмекке мұқтаж ата-аналар өз өтінімдерін қалдыра алатын «Мектепке жол» платформасы құрылды.
Өз кезегінде демеушілер мен меценаттар ақшалай қаражатты онлайн-аудара отырып осы портал арқылы көмек көрсету бойынша өз ниеттерін жүзеге асыра алады. Бұл платформа жыл бойы жұмыс жасайды.
Ата-аналардан немесе оларды алмастырушы тұлғалардан түскен өтініштер ұлттық білім беру дерекқорының мәліметтерімен салыстырылатын болады, одан кейін көмек атаулы түрде бөлінетін болады.
Сонымен қатар, көмек көрсетудің дәстүрлі әдістері жалғасатын болады.
Сонымен бірге, балалардың құқықтарын бұзу фактілері бойынша жедел әрекет ету және шаралар қабылдау үшін «Телеграмм» мессенджерінде «BALA QORAÝ» («https://t.me/bala_qorgau») чат құрылды.
«Мектепке жол» платформасын толтыру бойынша іс-қимыл алгоритмі
1. Қадам. Мекенжай өрісінде www.atamekenim.kz теру қажет.
2. Қадам. «Мектепке жол» қойындысын таңдау.
3. Қадам. «Өтінім беру» қойындысын таңдау және алаңдарды толтыру.
Мақаланы құрған күні 19.01.2018 14:33
Мақаланы жаңартқан күні 28.12.2021 11:39