2024 жылға арналған дарынды және талантты балалармен жұмыс жоспары (PDF 2177 Kb)
Гуманитарлық бағыттағы мұғалімдердің секция отырысы
2024-2025 оқу жылының «DIGITAL KAZAHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ». «БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЦИФРЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және тарих пәні мұғалімдерінің аудандық тамыз секция отырысы өткізілді. Отырыс барысында 2023-2024 оқу жылына қорытынды жасалып (бөлім әдіскері А.Т. Хасенова), аудандық бірлестік жетекшілері Ж.Е. Шакенова, А.М. Шурманова, А.Ш. Байжұманова және А.А. Жағпарова алдағы «2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін метептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» ӘНХ жайында таныстырып өтсе, ағылшын тілінен Айсары НМ-нің мұғалімі А.Е. Искакова және №1 Ленинград ОМ-нің мұғалімі А.Б. Тайбулатова, Қарашілік ОМ-нің орыс тілі мен әдебиетінен Б.Х. Махатова және Талшық ОМ-нің тарих пәні мұғалімі Қуандық Жолтай жұмыс барысында жасанды интеллект мүмкіндіктерінің қаншалықты педагогтерге көмек берері жайлы өз тәжірибелерін ортаға салды.
Бөлім әдіскері Аягөз Хасенова
Ақжар ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес 27 тамыз күні Талшық орта мектебінде «2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының аудандық отырысы өтті.
Кездесудің тәжірибелік бөлімінде мұғалімдер цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті сабақта қолдану бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.
Кездесу барысында қатысушылар мен баяндамашылар арасында кері байланыс, ұсынылған тақырыптар аясында рефлексия жасалды.
2024 жылдың 28 тамызында «Петушок» бөбекжай – балабақшасында мектепке дейінгі мекемелердің педагогтері үшін облыстық семинар өтті. Семинар тақырыбы: «Біртұтас тәрбиесі» бағдарламасы: жаңартылған мазмұнды және еңгізу алгоритмі».
Семинарға жауапты тренерлер Айжан Лұқманқызы Хасенова және Юлия Викторовна Каланина педагогтерге бағдарламаның жаңартылған мазмұны, құндылықтар жүйесі, идеологиясы, түйінді идеясы, іске асыру тетіктері мен әдістемелік негіздері туралы ақпарат берді.
Семинарға тәрбиешілер, әдіскерлер, мектепке дейінгі ұйымдардың мамандары қатысты. Семинар қатысушыларына мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту үдерісінде білім беру компонентін интеграциялаудың жаңа білімдері мен практикалық құралдары берілді.
Семинар қорытындысы бойынша мұғалімдер сұрақтар қойып, кері байланыс жасалды және қатысушылардың пікірлері тыңдалды.
«The development of funktional literacy in English lessons » тақырыбындағы аудандық семинар.
2024 жылдың 26 наурызы №1 Ленинград орта мектебінде ағылшын тілі мұғалімдерінің аудандық семинары өтті. Семинардың мақсаты: жеке тұлғаны дамытуға, мәдени жетістіктер туралы жаңа білім алуға, жаңа технологияны игеруге, кәсіби міндеттерін сәтті орындауға, отбасылық өмірді ұйымдастыруға қажетті дағдылар мен білімдерді беретін білім беру. Семинар барысында №1 Ленинград ОМ-нің мұғалімдері екі ашық сабақ көрсетті:
1. 11-сыныпта «Collabarative task» (О.Г.Ткаченко);
2. 3-сыныпта «BrightIdeas» (А.Б.Тайбулатова).
Келесі мектептердің мұғалімдері шеберлік сыныптарын көрсетті:
1. «Improve Readig and Speaking skills of students» - Май ОМ (А.М.Арғын);
2. «Обучение функциональной грамотности на уроках английского языка через инструменты исскуственного интеллекта» - Дәуіт ОМ (У.Т. Абдухаликова);
3. «Concept Checkig Guestion» -Кызылту ОМ-нің мұғалімі (Ж.С Қайыржан). Ағылшын тілі сабағында мұғалімдер функционалдық сауаттылықтың: жаһандық құзыреттіліктер, оқу сауаттылығы және шығармашылық ойлау сияқты компоненттерін қалыптастыру, дамыту және жетілдіру жолдарын көрсетті. Маңызды сәт сабақтардың практикалық бағыттылығы болды. Тілді практикада қолдану функционалдық сауаттылық болғандықтан, 11-сынып оқушылары ағылшын тілінде сөйлесу қабілетін көрсетті. Оксана Генадьевна интернет ресурстарын пайдалана отырып, оқушыларды қызықтыра білді, оқушыларды дұрыс бағытқа бұра білді, интернет желісін пайдалана отырып, жаңа білім алуға үйретті. Аудандық семинардың ерекшелігі – енді ғана еңбек жолын бастаған жас мамандардың аз уақыт ішінде алған тәжірибелерін ортаға салғаны.
Бөлім әдіскері А.Т. Хасенова
«Заманауи сабақ - оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен мұғалім шеберлігінің көрсеткіші» тақырыбындағы аудандық семинар
2024 жылдың 2 мамыры Бәйтөс негізгі мектебінде аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты: жеке тұлғаны дамытуға, мәдени жетістіктер туралы жаңа білім алуға, жаңа технологияны игеруге, кәсіби міндеттерін сәтті орындауға, отбасылық өмірді ұйымдастыруға қажетті дағдылар мен білімдерді беретін білім беру. Семинар мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.К.Жадринаның «Жүректен-жүрекке» тренингімен басталды. Тренингтен кейін ашық сабақтар өткізілді:
1. Биология пәнінен «Ас қорыту үдерісі және ферменттердің рөлі» (М.С. Мырзақұлова);
2. 4-сыныпта қазақ тілінен «Сын есім» (Ж.Ш. Бесеуова);
3. 9-сынып қазақ тілінен «Заманауи оқу үдерісі арқылы білім беруді жүзеге асырудың тиімді жолдары» (С.Б. Төлегенов);
4. Орыс тілінен «Приемы развития функциональной грамотности на уроке русского языка и литературы». Семинар соңында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, бастауыш сынып, биология және педагог-психологтер өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстар жасады.
Бөлім әдіскері А.Т. Хасенова
«Кіріктірілген сабақтар функционалдық сауаттылықты дамыту құралы және білім беру ресурстарының сапасын арттыру негізі ретінде» тақырыбындағы аудандық семинар
2024 жылдың 18 сәуірінде Дәуіт орта мектебінде аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты: сабақта пәндерді интеграциялауды қолдану және жүзеге асыру бойынша мұғалімдердің тәжірибесімен алмасу, мұғалімдерге эмпатияны дамыту және оқу үдерісіне барлық қатысушылардың белсенді өзара әрекеттесу қабілетін дамыту. Алтынсарин атындағы Академия ұсынған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін бақылауға қатысушылар – орта білім беру ұйымдарына арналған әдістемелік ұсынымдарда оқу сауаттылығын арттыру жөніндегі ұсыныстардың бір тармағында: «Облыстық және мектеп деңгейінде әр пәннің оқу сауаттылығын қалыптастырудағы үлесін ескере отырып, әртүрлі пән мұғалімдерінің өзара әрекетін ұйымдастыру». Облыстық семинардың тақырыбы да осыдан туындады. Бірінші бөлімде семинарда мұғалімдермен бірге Интеграция деген не екені талқыланды(синонимдер, анықтама, сызба).Екінші бөлімде кіріктірілген ашық сабақтар өткізілді:
1) Кіріктірілген сабақ (орыс тілі мен географиясы) «СПП с придаточными определительными. Рациональное использование природных ресурсов».
2) Кіріктірілген сабақ / дүниежүзі тарих, ағылшын/ тақырыбы «Ұлы Жібек жолы».
3) Кіріктірілген сабақ / қазақ тілі, ағылшын/ тақырыбы «Тәуелсіздік таңы».
Қорытынды бөлімде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары «Пәндік апталықтар оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру құралы ретінде» тақырыбында тәжірибе алмасу мақсатында сөз сөйледі.
2024 жылдың 14 мамырында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы Ақжар ауданының білім бөлімінің» жоспарына сәйкес «Ұлттық құндылықтар - бала тәрбиесінің қайнар көзі» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Семинар мақсаты: Тәрбие жүйесінде ұлттық құндылықтарын дәріптеу,ойын арқылы балаларға жеткізу. Тәрбиешілермен іс-тәжірибе алмасу. Технологияларды жан жақты ашу. Балаларға құнды дүние насихаттау.
Аталған жиынға ауданның мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері және мектепалды сыныбының тәрбиешілері қатысты.
Семинарға қатысушыларының назарына мектепалды тобының тәрбиешілері А. Казымбетова, Ж.Кабенова, шағын орталық тәрбиешісі С.Уалиева, «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Н. Темірғали, музыка жетекшісі М.Қайыржан, балабақша логопеді С.Мухамедиярова, қазақ тілі мұғалімі А. Шайсұлтан, «Айгөлек» балалар бөбекжай-бақшасының тәрбиешілері Э.Тілеу, Г.Абилова шебер-сынып, квест-ойын, ұйымдастырылған іс-әрекеттері бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. «Балдырған» балабақшасының психологі Мадиғажы М. «Балабақшада «Жайлауда» макетін қолдану» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті.
Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылардың ой-пікірлері ортаға салынды.
Семинардың материалдары ауданның білім беру мекемелеріне жіберілді.
«Абай оқулары»: үміт пен сенім
Мамыр айының 11 күні Петропавл қаласындағы «Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы» КММ қабырғасында республикалық «Абай оқулары» байқауының облыстық кезеңі алты номинация бойынша өтті: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» бағытына қатысқан Дәуіт ОМ-нің 10-сынып оқушысы Жансая Сәкенова ақынның 92 өлеңін жатқа оқып, ІІІ орын (мұғалімі Г.Е. Байжұманова), «Абайдың қара сөздері» бағыты бойынша Абайдың 18 қарасөзін жатқа оқыған Алқатерек ОМ-нің 9-сынып оқушысы Алмас Темірхан ІІ орын (Ж.А. Шуқантаева), «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» бағытынан Киев ОМ-нің 9-сынып оқушысы Дильназ Алимова ІІ орын және осы мектептің 9-сынып оқушысы Бақыт Искакова «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағытында өз шығармашылығы бойынша ІІ орын (мұғалімі З.С. Капарова) иеленіп, жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.
Бөлім әдіскері Аягөз Хасенова
Облыстық «Ілияс Жансүгіров оқулары» және « Мұқағали Мақатаев оқуларының» қорытындысы
Биылғы оқу жылының 30 мамыры күні Петропавл қаласындағы оқушылар Сарайында республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» және «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауларының облыстық кезеңі өтті. Байқаулардың мақсаты - балаларға ақындардың шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау. Осыға орай «Ілияс Жансүгіров оқулары» бойынша Киев ОМ-нің 9-сынып оқушысы Искакова Бақыт (і орын), Талшық ОМ-нің 9-сынып оқушысы Оразалина Алайна (ІІ орын), Май ОМ-нің 9-сынып оқушысы Лұқман Айнара (ІІ орын), «Мұқғали Мақатаев оқулары» бойынша Алқатерек ОМ-нің 8-сынып оқушысы Серикова Томирис (ІІІ орын), Қазақ ОМ-нің 8-сынып оқушысы Бақытмұрат Ұлан (І орын) жеңімпаз атанып, дипломдармен марапатталды.
Бөлім әдіскері Аягөз Хасенова
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің аудандық семинары
2024 жылдың 18 наурызы ауданның қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мүғалімдерімен «Қазақ тілі» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша әдістемелік ұсыным түсіндірмесі» тақырыбында семинар өтті. Оған ауданымыздың 23 мектебінен 36 мұғалім қатысып, пәндер бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрықтың 35-тармағына сәйкес білім алушылардың бағдарламалар мазмұнын меңгеруін бақылау мақсатында негізгі (5-8 сыныптар) және жалпы орта (10-сынып) деңгейінде академиялық жыл аяқталған кезде оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарда «Қазақ тілі» және оқыту өзге тілде жүргізілетін сыныптарға «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша МЖМБС -қа (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) сәйкес жазбаша нысанда өткізілетіні жайлы хабардар етілді. Сонымен қатар семинарда Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының әдістемелік ұсынымы бойынша аралық бақылау материалдарын дайындаудың ерекшеліктерін ескере отырып, Талшық ОМ-нің мұғалімі Қ.Д. Махметова және Қазан ОМ-нің мұғалімі Ә.Т. Асайбекова өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға қатысқан мұғалімдер де өз тараптарынан мәтіндер мен эссе тақырыптарын ұсынып, аралық бақылау жұмысын дайындаудың сауалдары бойынша туындаған мәселелердің шешімдерін тапты.
Бөлім әдіскері Аягөз Хасенова
Педагог беделінің өсу мүмкіндіктері
«СҚО әкімдігінің білім басқармасы» КММ-нің «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-нің Ережесі негізінде 21 желтоқсан күні Бестерек орта мектебінде гуманитарлық бағыт мұғалімдерінің арасында олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – мұғалімдердің мәртебесін көтеру, қазақ тілі мен әдебиеті,орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және тарих пәні бойынша жоғары ғылыми-пәндік білімі бар аудандық үздік педагогтерін анықтап, облыстық олимпиадаға қатыстыру. Сонымен қатар педагогтердің шығармашылық даралығын және олардың жоғары кәсіби деңгейін қолдау үшін жағдай жасау және біліктіліктерін насихаттау мен педагогикалық мамандық беделінің өсуіне мүмкіндіктер жасау. Олимпиадаға қазақ тілі мен әдебиетінен 13 мұғалім, орыс тілі мен әдебиетінен 9, ағылшын тілінен 10 және тарих пәнінен 11 мұғалім қатысып, жеңімпаз мұғалімдер облыстық олимпиадаға жолдама алды. Қазақ тілі мұғалімдері бірінші кезеңде тест тапсырмаларын орындаса, екінші кезеңде ұсынылған тақырыптар бойынша эссе жазды. Қазақ мектептерінің қазақ тілі мен әдебиетінен Жаңаауыл ОМ-нің мұғалімі С.Б. Ғазизова, орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиетінен №1 Ленинград ОМ-нің мұғалімі А.А. Кабдуллинова І орынды жеңіп алды. Сонымен қатар орыс тілі мен әдебиетінен №2 Ленинград ОМ-нің мұғалімі Ш.Т. Ахметжанова «Оқушыларым мені не нәрсеге үйретті?» тақырыбында жазған жұмысы үздік шығып, жеңімпаз атанды. Ағылыш тілінен де ұсынылған тақырып бойынша эссе жазып, жоғары балл көрсеткен Май ОМ-нің мұғалімі А.М. Арғын жеңімпаз атанды.Тарих пәні бойынша олимпиада үш кезеңнен тұрды: бірініші кезеңде пән бойынша 40 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын орындаса, екінші кезеңде қысқа мерзімді жоспар қорғады, қатысушылар үшінші кезеңде мұғалімдердің оқу-тәрбие үрдісіндегі жетістіктері бойынша портфолио дайындап әкелуі тиіс. Дайындалған портфолиоға қойылатын талаптар: мұғалім туралы жалпы мәлімет; ғылыми жарияланымдар; оқу және оқу-әдістемелік құралдар; мамандығына қатысты байқауға қатысқаны туралы сертификаттар, дипломдар және оқушыларының жеткен жетістіктері т.б. Осы талаптарға сай келген Талшық ОМ-нің мұғалімі Н.Х. Абулгазинова бірініші орынды жеңіп алды. Аудандық кезең жеңімпаздарына облыстық байқауда сәттілік тілейміз.
Бөлім әдіскері Аягөз Хасенова
Білім берудегі мониторинг –оқу-тәрбие үдерісін жақсарту кепілі
2023 жылдың 6,7 және 8 желтоқсаны аралығында аудандық және өңірлік деңгейде біліммен, әдістемемен, дидактикалық тәсілдермен тәжірибе алмасу, өзара сабаққа қатысу, шеберлік сыныптары, бірлескен сабақтар және басқа да іс-шаралар үшін платформа/форум құру арқылы мектептердің желілік өзара әрекеттесу тәжірибесін жандандыру мақсатында Ақжар және Уәлихан аудандары білім алушыларының білім жетістіктерінің деңгейін арттыру бойынша әрі қарай бірлескен жұмыстарды жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» «Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институтымен», яғни аға оқытушы Г.Н. Мүсетаевамен бірлесе отырып, «4 және 9-сынып оқушыларының білім сапасын бақылау мен мониторинг жүйесі» тақырыбындағы облыстық семинар өткізілді.
Ақжар ауданы бойынша 2023 жылы Киев ОМ, Бестерек ОМ, Үлгілі ОМ, Ақсары НМ және Қызылту ОМ-нің 4 және 9-сыныптарының ББЖМ нәтижелерінің, сонымен бірге биылғы оқу жылының қазан айында өткен «Bilim Land» компаниясының «BilimCenter» (www.bilimcenter.kz) цифрлық білім беру порталында білім алушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін анықтау мақсатында онлайн тестілеу нәтижелерінің талдауы негізінде Талшық және Бестерек ОМ-нің негізінде оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтар бойынша 8 ашық және Бостандық ОМ, Қазан ОМ-нің бастауыш сынып, қазақ тілі және орыс тілі пәні мұғалімдерімен шеберлік сыныптары өткізілді. Семинарда оқу процесінде ББЖМ-2023 нәтижелері бойынша анықталған «орындалуы қиын» тақырыптарына ерекше назар аударылып, сабақ өткізу барысында және шеберлік сыныптарында ӘНХ-тағы ұсыныстарын ескере отырып, мұғалімдер білім алушыларға түрлі диаграммалар, суреттер, карталар, кестелер және графиктер түрінде берілген әр түрлі жанрдағы мәтінді түсіну, ақпаратты табу, мағынасын бағалау бойынша тапсырмалар берсе, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтарында математикалық мәтінді талдау, қажетті ақпаратты алу, когнитивті және техникалық дағдыларды қажет ететін ақпаратты табу, физикалық процестерге диаграмма, сызба, жалпылама және жинақтау сияқты т.б. тапсырмаларды орындатқызды. Бұл семинарда мұғалімдер әр пән бойынша оқу мақсаттарын пысықтай отырып, тапсырмалардың барлығы PIRLS және PISA халықаралық зерттеулерінде бағаланатын сауаттылықтар дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік жасады.
Білім бөлімінің әдіскері
Аягөз Хасенова
Қазақ тілі емтихан (PDF 908 Kb)
Облыстық “Менің кіші Отаным” байқауының жеңімпаздары
Биылғы оқу жылының 16 қазаны күнгі тарих пәнінен 9-10-сынып оқушылары арасынан облыстық “Қызылжар дарыны” дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырған “Менің кіші Отаным” Республикалық Жас тарихшылар зияткерлік байқауының облыстық кезеңіне “Менің кіші Отанымның символы” бағыты бойынша өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншілік символы болып табылатын ұлттық құндылығымыз - кигізді таңдап алып, бірегейлі негіздей және дәлелдей отырып, презентациясын қорғаған Қазан ОМ-нің 10-сынып оқушысы Бақытмұрат Ақбота (ІІ орын), “Менің кіші Отанымның тарихы” бағыты бойынша Киев елді мекенінің тарихын бейнефильм форматында географиялық атауын, құрылу тарихын, дамуының негізгі кезеңдерін, табиғи-климаттық ерекшеліктерін аша білген Киев ОМ-нің 10-сынып оқушысы Жүсіпбекова Дильназ (ІІ орын), “Менің кіші Отанымның болашағы” бағыты бойынша өзінің шағын Отанының алдағы уақытта қалай дамитытын макет арқылы қорғаған Бостандық ОМ-нің 10-сынып оқушысы Ильясов Темірлан (ІІІ орын) және “Менің туған өлкем” эссе жазу бағытында “Менің кіші Отанымның қазыналары” тақырыбында өзіндік көзқарасын, терминологиялық ақпаратты дұрыс пайдалана отырып, теориялық және практикалық деңгейде аша отырып, нақты хронология көздеріне сілтемелер, дәйексөздер, тұжырым және қорытынды жасай білген Қарашілік ОМ-нің 9-сынып оқушысы Әнуарбек Әсем (ІІІ орын) жүлдегерлер қатарынан табылды.
Бөлім әдіскері
Аягөз Хасенова
Облыстық «Ақберен» өнер байқауының нәтижесі
27 қыркүйек күні Петропавл қаласында «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназиясында» облыстық «Ақберен» өнер байқауы «Қызылжар дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мамандарымен 8-11-сынып оқушылары үшін ұйымдастырылды. Оған ауданымыздың «Шешендік, білгірлік сайысы» номинациясына қатысқан Қазан ОМ-нің 10-сынып оқушысы Бахытмұрат Ақбота (мұғалімі Турап Алаш) қазылар алқасы тарапынан қойылған сұрақтарға өз ойларын тіл мәдениетін сақтай отырып, шешендікке байланысты білімін дәлелдеуде ІІІ орынды жеңіп алса, ал «Көркем сөз оқу» бағыты бойынша Қ.Хадесұлы атындағы Жаңаауыл ОМ-нің 11-сынып оқушысы Кәрібай Диана Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесі» пьесасынан монолог оқуда үлкен әртістік шеберлік көрсетіп, екінші орынды жеңіп алды, «Ақындар мүшәйрасы» байқауында Киев ОМ-нің 9-сынып оқушысы Искакова Бақыт (мұғалімі З.С. Капарова) өз шығармашылығы бойынша додаға түсіп, өлеңдерінің көркемдігі, тілі, поэтикалық ерекшелігі талаптарына сай ІІІ орынды иеленді. Сонымен қатар «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша Талшық ОМ-нің 8-сынып оқушысы Бейсен Ержан және «Эссе жазу» номинациясы бойынша Қ.Хадесұлы атындағы Жаңаауыл ОМ-нің 11-сынып оқушысы Белгібаева Аяулым байқаудың белсенді қатысушылары болды. «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» демекші, байқау болғаннан кейін жеңіске жетуші бар да, жеңіліс табушы бар. Ержан мен Аяулым алдағы уақытта білімдерін, өнерлерін жетілдіре түсіп, орын алған оқушылар қатарынан табылатынына сенімдімін. Өйткені аттары аталған оқушыларымыз аудан оқушылары ішінен іріктеліп алынған өнерлі де білімді балалар қатарына жатады.
Бөлім әдіскері
Аягөз Хасенова
Облыстың білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестерді
қалыптастыру туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 (01.03.2023 ж. № 56 өзгерістермен) бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларының және оны сайлау тәртібінің 8 – тармағын орындау үшін қамқоршылық кеңестерді қалыптастыру бойынша жұмыс.
Ереженің 10 тармағына сәйкес:
Орта білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңесінің құрамына:
- Осы білім беру ұйымында білім алушылардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері (сыныптардың әрбір параллелінен осы білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен) - 11 адамнан аспайды;
- Педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) - 1 адам;
- Жергілікті өкілді және/немесе атқарушы және / немесе Құқық қорғау органдарының өкілдері-1-3 адам;
- Үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері-1-2 адам;
- Қайырымдылық жасаушылар және / немесе меценаттар (бар болса) - 1-2 адам;
- Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам;
- Оқушылардың өзін – өзі басқару органдарының өкілдері-1-2 адам.
Ереженің 10 тармағына сәйкес:
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесінің құрамына мыналар кіреді:
- Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері (әрбір жас тобынан осы мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің бір ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен); - жас топтарының санынан аспайды;
- Педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) - 1 адам;
- Жергілікті өкілді және/немесе атқарушы және / немесе Құқық қорғау органдарының өкілдері-1-3 адам;
- Үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері-1-2 адам;
- Қайырымдылық жасаушылар және / немесе меценаттар (бар болса) - 1-2 адам;
- Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам;
Балаларға арналған мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесінің құрамына:
- Мектептен тыс ұйым білім алушыларының ата-аналары немесе заңды өкілдері-кемінде 3 адам;
- Педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) - 1 адам;
- Жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері-1-3 адам;
- Үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері-1-2 адам;
- Қайырымдылық жасаушылар және / немесе меценаттар (бар болса) - 1-2 адам;
- Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі (бар болса) – 1 адам;
- Оқушылардың өзін – өзі басқару органдарының өкілдері-1-2 адам.
9-тармаққа сәйкес кандидаттар Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
- Өтініш (еркін нысанда);
- Кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- Қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
- Білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
Кандидаттар кәсіби (немесе) қоғамдық қызмет туралы қосымша мәліметтер береді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Қамқоршылық кеңестің құрамына кіру үшін төменде көрсетілген байланыс деректері бойынша тиісті білім беру ұйымына жүгіну қажет.
Анықтама телефоны: 87154679129
БЕКІТЕМІН
____________
Садуов К.Г.
Бөлім басшысы
21.08.2023
«Педагогикалық кадрларды дамыту» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі аясында Ақжар ауданының тарих пәні мұғалімдерінің секциялық отырысын өткізу жоспары
Өткізу уақыты мен орны:
«Талшық орта мектебі» КММ
29.08.23 ж, сағ 10.00, 12 каб
№ |
Спикерлер |
Тақырыптар |
уақыты |
1 |
Хасенова Аягоз Тасбулатовна, Ақжар ауданының АББ әдіскері |
2022-2023 оқу жылындағы Ақжар ауданының тарих пәні мұғалімдерінің ӘБ жұмысын талдау |
10.00-10.15 |
2 |
Жагпарова Аяш Амантаевна, тарих және география мұғалімі, педагог-зерттеуші, Талшық орта мектебі |
2023-2024 оқу жылында «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» және «Құқық негіздері» пәндерін оқыту туралы. КТЖ және ҚМЖ дайындау бойынша ұсыныстар |
10.15-10.25 |
3 |
Кожулдакова Замзагуль Атабаевна, тарих мұғалімі, педагог-зерттеуші, Қали Хадесов атындағы Жаңаауыл орта мектебі |
Өлкетану пәні арқылы оқушылардың ізденушілік (шығармашылық) қабілеттерін арттыру жолдары «Оқушыларды Қазақстан тарихы және құқық негіздері бойынша олимпиадаларға дайындау: жұмыс тәжірибесінен» |
10.25-10.35 |
6 |
Хасенова Аягоз Тасбулатовна Жагпарова Аяш Амантаевна |
«Тарихты оқыту әдістемесін жетілдіру және оқушылардың білім деңгейін арттыру ретінде Lesson Study қолдану тәжірибесі» |
10.35-10.45 |
7 |
Аугалиева Жанар Казымовна, Қарашілік орта мектебі |
«Тарих сабағында оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі» |
10.45-10.55 |
8 |
Хасенова Аягоз Тасбулатовна, Жагпарова Аяш Амантаевна |
2023-2024 оқу жылына арналған АӘБ жұмыс жоспарын талқылау. АӘБ жұмысындағы басым бағыттарды анықтау. |
10.55-11.05 |
9 |
Ұсыныстарды қабылдау |
Мұғалімдерге «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» және «Құқық негіздері» пәндерін тиімдірек оқытуға мүмкіндік беретін түйіндеме мен қорытындылар |
11.05-11.15 |
Ұсыныстар:
- Оқу сауаттылығын қалыптастыру "оқу және жазу арқылы сыни ойлауды дамыту" стратегиясын/әдістерін оқыту практикасына белсенді енгізу арқылы бұл технология оқу мен жазудың негізгі дағдыларын қалыптастырады, 4К дағдыларын дамытады және құндылықтарды тәрбиелеуге ықпал етеді;
- Кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, тарих сабақтарында педагогикалық процеске цифрлық және білім беру ресурстарын әзірлеу және енгізу;
- Білім беру сапасын арттыруға бағытталған аудан мұғалімдерінің озық тәжірибесін тарату;
- Оқытудың жобалау және зерттеу технологияларын пайдалану бойынша, оның ішінде Lesson Study практикасына кеңінен енгізу арқылы тәжірибені жинақтау және жинақтау
- Оқушыларды танымдық белсенділікті дамытуға ынталандыру құралы ретінде пән бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жандандыру;
- Инновациялық әдістемелік әзірлемелер мен перспективалық педагогикалық технологияларды құру және практикада енгізу
Бекітемін
Білім бөлімінің басшысы
___________Қ.Садуов
21.08.2023 ж.
«Педагог мамандарды дамыту» Республикалық білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында Ақжар ауданының қазақ тілі және қазақ әдебиеті мұғалімдерінің секциялық отырысын өткізу жоспары
Өткізілу орны:
Талшық ОМ
Семинардың басталуы:сағат 10.00
29.08.2023
№ |
Спикерлер |
Тақырыбы |
Уақыты |
1 |
Хасенова Аягоз Тасболатовна, |
2022-2023 оқу жылындағы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдерінің жұмысының жылдық есебі |
10.00-10.15 |
2 |
Шакенова Жайдарман Исполовна, |
2023-2024 оқу жылындағы әдісте-мелік нұсқау хатпен таныстыру, талқылау. |
10.15-10.25 |
3 |
Кожулдакова Гүлден Рахатовна, |
Қазақ тілі сабағында АҚТ-ны пайда-ланудың тиімділігі |
10.25-10.35 |
4 |
Хасенова Аягоз Тасболатовна, Махметова Қорлан Даукеновна, |
Lesson Study-ді қолдану. Lesson Study тәсілі дегеніміз не? |
10.35-10.45 |
5 |
Асайбекова Асемгуль Токтаровна, |
Оқушылардың ғылыми-зерттеу (жоба) жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері |
10.45-10.55 |
6 |
Казиева Фарида Камалиденовна, |
Қысқамерзімді сабақ жоспарын жазу үлгісі |
10.55-11.05 |
7 |
Хасенова Аягоз Тасболатовна, |
2023-2024 оқу жылына қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдері қоғамдастығының жұмыс жоспарын талқылау. |
11.05-11.15 |
7 |
Ұсынымдар қабылдау |
Резюме мен қорытындылар, мұғалімдерге пәнді тиімді өткізу үшін мүмкіндік береді |
11.15.-11.45 |
Ұсынымдар:
- Тіл мен әдебиет сабақтарында білім алушыларда тек пәндік білім, білік, дағдыларды ғана емес, материалдарды жинау және реттеу әдістерін, сұрақтар құрастыру және дереккөздермен жұмыс жасауда проблеманы қоя білу біліктілігін, сәйкестендіру әдістері мен дереккөздерді сыни бағалауын, материалдарды жинақтау және нәтижелерді тексеру сынды кең ауқымды дағдыларды меңгерту функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;
- Сөйлеу әрекетініңт үрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым) қолдана отырып, тілдік білімді меңгерту;
- Тілдік пәндер бойынша метапәндік құзыреттілікті қалыптастыру;
- Көркем шығарма бөлімдерін толықтай түсіну үшін және оның негізгі идеяларын түсіндіру үшін медиа-құралдарды, білім алушыларды сабаққа белсенді қатыстыру үшін АКТ мүмкіндіктерін сабақта қолдану;
- Қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты, өз елінің өткен тарихына, ата-бабаларымыздың әдебиеті, мәдениеті мен әдет-ғұрыптарына құрмет көрсетуді жүзеге асырудың мүмкіндіктерін көздету.
Пәндер оқытуда цифрлық ресурстарды пайдалану
2023 жылдың 7 наурызы өткен Үкімет отырысында орта білім берудегі оқу процесін цифрландыру барысы қаралып, онда Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу және оқу материалдарын цифрлық форматқа көшіру көзделгенін атап өткен болатын. Осыған байланысты алдағы жылдары педагогтерді тиісті даярлауды жүргізу, цифрлық оқулықтар мен арнайы білім беру платформаларын қолдануды кеңейту, мектептерді техникамен және жоғары жылдамдықты интернетпен қамтуды жалғастыру жоспарланып отырғандығы жайлы баяндаған болатын. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетімен Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділ Қазақстан – барлығы үшін және әрқайсысы үшін» сайлауалды бағдарламасының 81-тармағын «Пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу,қажетті оқу материалдарын цифрлық форматқа көшіру» іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау мақсатында «Шағын жинақталған мектепті басқарудағы цифрлық шешімдер», «Пәндер оқытуда цифрлық ресурстарды пайдалану» білім беру бағдарламалары бойынша Солтүстік Қазақстан облысының шағын жинақты мектептері басшылары мен педагогтерінің біліктілігін арттыру қарастырылған. Осыған орай «Өрлеу» БАҰО АҚФ СҚО бойынша КДИ-ның 2023 жылдың тамыз айына арналған курстық іс-шаралар жоспарына сәйкес ауданымыздың орталығы Талшық елді мекенінде тамыз айының 21-нен 1 қыркүйегіне дейін Бестерек ОМ-нің физика және информатика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Ақылбек Әнуарбекұлы Оспановты «Өрлеу» КДИ-ы оқытушысы ретінде тарта отырып және ұйымдастырып, ағылшын тілі, математика, физика, химия және биология пәндері мұғалімдеріне (30 педагог) арналған біліктілігін арттыру курсын бастады. Айта кету керек, ауыл мұғалімдері үшін аудан орталығында ұйымдастырылып отыратын біліктілік арттыру курстары өте тиімді және ыңғайлы.
Бұл біліктілігін артыру курсы қала мен ауыл оқушыларының арасындағы білім сапасының алшақтығын қысқартып, ең алдымен, заманауи білім беру технологияларын енгізуге мүмкіндік туғызады деп сенеміз.
Ақжар аудандық білім бөлімінің әдіскері Аягөз Хасенова
2022-2023 жылғы оқу жылының аудан мектептеріндегі гуманитарлық бағыттың жұмыс жәйі
Міне, 2023-2024 жаңа оқу жылының басталуына да санаулы күндер қалды. Өткен оқу жылында жеткен жетістіктеріміз бен атқарылған шаралар нәтижесіне көз жүгіртсек, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасына сәйкес тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету, әрбір білім беру ұйымының міндеті-ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған, функционалдық сауаттылық дағдылары бар және оны қоршаған болмыста бәсекеге қабілетті бола алатын білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру ортасын құру бағытын ұстана отырып, мемлекеттің білім беру саласына қойып отырған міндеттерін іске асырдық.
Осы жобаларды іске асыруда ауданымызда 24 мектеп болса, оның оқыту тіліне қарай біреуі орыс, оны аралас және он үші қазақ мектебі. 2022-2023 оқу жылына 24 мектептегі оқушылар саны 2182 болса, қазақ сыныптарындағы оқушы саны 1438 (70%), ал орыс сыныптарында 403 (30%), 33 өзге ұлт оқушылары қазақ сыныптарында білім алуда. Бүгінгі таңда қоғам мұғалімдерден жан — жақтылықты, іс-әрекетіндегі жүйелілікті, ізденушілік қабілеттерді, өз білімін жетілдіруге деген ынталылықты, әдістемелік шеберлікті талап етіп отыр. Сондықтан 59 қазақ тілі мен әдебиеті (педагог-сарапшы — 12, педагог —зерттеуші — 10), 41 орыс тілі мен әдебиеті (педагог — сарапшы – 6, педагог — зерттеуші — 7), 38 ағылшын тілі (педагог —сарапшы — 5, зерттеуші – 2) педагог — және 39 тарих пәні мұғалімдері (педагог — сарапшы — 10, зерттеуші — 2) біліктілігін арттыру курстарынан уақытылы өтіп, санаттарын жоғарылатып отырады. Әдетте, мұғалімдердің жұмысы олардың кәсіби жетістіктері мен оқушылардың түрлі байқаулардағы, ғылыми жобалар мен олимпиадалардағы жетістіктері арқылы бағаланады. Өткен оқу жылындагуманитарлық пән мұғалімдері арасында «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану арқылы білім сапасын арттыру» және «Lesson study әдісін қолдана отырып, оқушыларға білім беру және мұғалімдердің кәсіби білімін дамыту» тақырыптарында аудандық деңгейде екі семинар және облыстық деңгейде екі семинар өткізілді. Талшық орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Қорлан Дәукенқызы Махметова республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының облыстық кезеңінде «Ізденімпаз педагог» номинация иегері атанса, «Орыс тілі мен әдебиеті сабағының әдістемелік әзірлемелері» байқауында Дәуіт орта мектебінің мұғалімі Гүлмира Омарқызы Әубәкірова ІІ орын, «Идеялар аукционы» байқауында І орынды Ленинград №2 орта мектебінің мұғалімі Шұға Темірбайқызы Ахметжанова жеңіп алды. Аудан оқушылары да өз мұғалімдерінің еңбегін ақтап,үнемі түрлі сайыстарға қатысып, жүлделі орын иегерлері атанып жүр. Облыстық «Дауылпаз баба — Қожаберген» байқауында Үлгілі орта мектебінің 8-сынып оқушысы Адамханов Алмат І орынға ие болса (мұғалімі Шакенова Ж.И.), облыстық «Абай оқулары» байқауында және ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған облыстық «Мағжан оқулары» байқауында Дәуіт орта мектебінің 8-11-сынып оқушылары Сәкенова Жансая мен Мұратбек Дәурен жүлделі ІІІ орынға (мұғалімі Жусупова Г.Е.), №2 Ленинград орта мектебінің 11-сынып оқушысы Есенбаева Саина ІІІ дәрежелі дипломға ие болды (мұғалімі Тайкенова А.Б.). Жаңаауыл орта мектебінің 10-сынып оқушысы Белгібаева Аяулым облыстық «Абай оқулары» байқауында «Ұлылар үні» номинациясы бойынша ІІ орынмен мараптталды(мұғалімі Шамшиева А.Қ.), сонымен қатар Аяулым қазақ тілі мен әдебиетінен жалпыға білім беру пәндері бойынша өтетін дәстүрлі олимпиаданың аудандық, облыстық кезеңдерінің І орнын жеңіп алып, республикалық олимпиадасының қатысушысы атанды.Жыл сайын сәуір айында аудан, облыс көлемінде оқыту тіліне қарамастан 7-11-сынып оқушылары арасында қазақ тілі пәнінен «Жарқын болашақ» олимпиадасы өткізіледі. Ауданымыздың намысын «Тілші-әдебиетшілер», «Жазушылар», «Жас суретшілер», «Әнші-бұлбұлдар», «Білгірлер бәйгесі» атты бес аталым бойынша қатысқан оқушыларымыз байқау қорытындысы бойынша Қазан орта мектебі мен Талшық орта мектебінің 9-10 сынып оқушылары Бақытмұрат Ақбота (мұғалімі Турапова А.) пен Бақытова Айымгүл ІІ орын (мұғалімі Махметова Қ.Д.), Алқатерек орта мектебінің 8-сынып оқушысы Темірхан Алмас ІІІ орынға ие болды (мұғалімі Шукантаева Ж.А.). Сондай-ақ Алмас - облыстық «Абайдың қара сөздері» байқауының жеңімпазы. Тағы да Қазан ОМ-нің оқушысыБақытмұрат Ақбота жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар байқауында ІІ дәрежелі диплом иегері атанды (мұғалімдері – А.Т. Асайбекова және Е.С. Халым). Қазақстанда 2020-2025 жылдарға арналған тіл саясатын іске асыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламасында белгіленген мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту, білім беру саласындағы қазақ тілінің функцияларын кеңейту және оны қолдану мәдениетін арттыру пункттерін іске асыру барысындаҚазақстан Республикасы халқы тілдерінің фестивалі аясында аудан мектептеріндетілдер апталығы өткізілсе, 5-11-сынып оқушылары арасында «Мен және сен қазақша сөйлейміз» айдарымен өзге ұлт өкілдері арасында байқау ұйымдасытырылды. Өзге ұлт оқушылары арасында қазақ тілі пәнінен өткен аудандық олимпиадада І орын, облыстық кезеңде Қазан орта мектебінің 6-сынып оқушысы Ваткина Дарья ІІІ орын иеленді (мұғалімі Асайбекова А.Т.). «Менің шағын Отаным» атты Қазақстан тарихы пәнінен облыстық байқауда Талшық орта мектебінің 9-сынып оқушысы Қайырбекова Аяулым ІІ орынды жеңіп алды. Аяулым — «Туризм энциклопедиясы» республикалық жас туристер байқауының 1 дәрежелі дипломының иегері. Облыстық «Пәнаралық интеграция және ақпараттық технологиялар» ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауында Талшық орта мектебінің 11-сынып оқушысы Зелинский Диас ІІ орынға, география пәнінен облыстық «Саяхат» байқауында Талшық орта мектебінің 6-сынып оқушылары Ақылбекова Аяжан мен Қабдырразақова Сәния жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жоғарыда аттары аталған оқушыларды жетістікке жету жолында жетелеген тарих және география пәндері мұғалімі Жағпарова Аяш Амантайқызы да Алғыс хаттармен марапатталды. Тарих пәнінің мұғалімі Қожылдақова Зәмзәгүл Атабайқызы жетекшілік ететін Жаңаауыл орта мектебінің «Атамұра» командасы облыстық «Тарихқа тағзым – болашаққа бағдар» байқауында жүлделі ІІІ орынға ие болғанын атап өткен жөн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес Білім Министрлігі «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге аспақ болатын: еліміздің үздік классиктерінің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлары, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енген болатын. Білім берудегі кітап оқуға үйрету мәселелері әрдайым маңызды болғанымен, оқу сауаттылығын дамыту тапсырмасы Қазақстан Республикасы мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыратын заманауи мектеп үшін жаңа сала болып табылады. Осы жобаны іске асыруда аудан мектептері де өз үлестерін қосуда. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Ақжарқын ОМ-нің 8-сынып оқушылары Мадет Нұрислам, Ардах Жанасыл, Жанибек Айсәуле, Құрмет Жансая және Ержанқызы Айдана (жетекшілері Манав А.) аудандық және облыстық кезеңдерден І орынды жеңіп алса, республикалық байқауда ІІІ орынмен мараптталды.
Қорыта келе білім ордасы – жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берумен қатар халықтың биік рухы мен ғасырлар бойы жинақталған мәдени мұраларын келешек ұрпақ игілігіне жеткізіп отыратын мәдени орын, ұлттық тәлім-тәрбие беретін орталығы. Мектеп, мұғалім, шәкірт – өзара тығыз байланысты үштік дегім келеді. Оларды бір-бірінен ажыратып елестету мүмкін емес. Ізденімпаз шәкірт барда тәжірибелі мұғалім бақыттты. Олай болса, осы екеуі барда ауданның білім саласы еңбектің жемісін көрмеуі мүмкін емес.
Бөлім әдіскері А. Хасенова
Ағымдағы жылдың 26 мамыры күні Ақжар ауданы Ленинград селосында «Еркетай» балалар б-бек балабақшасында мектепке дейінгі мекемелердің педагогтері үшін облыстық семинар өтті. Семинар тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие мен оқутыдын жаңартылған әдіс-тәсілдері»
Облыстық семинарда балаларға арналған әдістемелік көрме ұйымдастырылды, тәрбиешілер аудандық әдістемелік тәжірибелерін креативті түрде ұсына білді.
Семинардың практикалық бөлімінде педагогтер оқыту мен тәрбие берудегі инновациялық технологияларды қолдану бойынша шеберлік сыныптарын өткізді.
2023 жылдың 22 мамыр күні 2-4 сынып оқушыларына арналған «Кемел ұрпақ» облыстық математикалық турнирі өтті. Турнирдің басты мақсаты бастауыш мектеп оқушылары арасында математикаға ерекше қабілетті дарынды балаларды анықтау, дамыту және оларға қолдау көрсету, математикадан оқушылардың білімін тереңдету және кеңейту.
Турнирдің тапсырмалары математикалық логикаға негізделеді, олар дұрыс талқылауды, дұрыс ойлауды және дұрыс шешім қабылдауды үйретеді. Біздің ауданнан олимпиадаға 6 оқушы қатысты, оның ішінде 2-ші орынды Талшық ОМ оқушысы Малғаждар Әмира иеленді! Құттықтаймыз!
Білім бөлімінің әдіскері А. Л. Хасенова
2023 жылғы 17 мамырда "Алтын Сақа" математикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары, Солтүстік Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының 3-4 сынып оқушылары қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша біздің ауданнан І орынды Талшық орта мектебінің оқушысы, Малғаждар Әмира, ІІ орынды Бостандық орта мектебінің оқушысы Жарқымбай Аяжан, ІІІ орынды Алқатерек орта мектебінің оқушысы Жанат Алихан иеленді, Алқатерек орта мектебінің оқушысы Тілеген Інжу, мадақтамамен марапатталды. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
Білім бөлімінің әдіскері А. Л. Хасенова
2023 жылдың 28 сәуірінде «Балапан» бөбекжай бақшасында «Балабақшада жаңа технологияларды қолдану әдістері» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға ауданның мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері және мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешілері қатысты.
Семинарда «Балапан» бөбекжай-бақшасының тәрбиешілері
Ж.Б. Газизова «Мектепке дейінгі ұйымдарда Суджок терапиясының тиімділігі»,
Ж.Б. Дардина «Воскобович ойындары»,
Г.Ж. Шакирова «Нейро ойындар», музыка жетекшісі
А.А. Нурбаева «Музыка ұйымдастыру әрекетінде Орф-педагогиканы тиімді қолдану» тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізсе,
«Еркетай» балабақшасының тәрбиешісі Жағыпарова С.К. «Марблс тастары арқылы мектепке дейінгі балалардың ойлау, зейінін, есте сақтау қабілеттерін дамыту» тақырыбына жұмыс тәжірибесін ұсынды.
Сонымен қатар психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің логопеді Аминов М.А. «Речевое развитие детей дошкольного возраста» және педагог-психолог Илюбаева А.Ш. « Ранний детский аутизм» тақырыбында баяндама оқыды.
Білім бөлімінің әдіскері А.Л. Хасенова
2023 жылдың 16 наурызы мен 18 наурызы аралығында Щучинск қаласында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының негізінде Республикалық «Зерде» ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстар байқауының қорытынды кезеңі өтті. Байқауға ауданымыздан Дәуіт орта мектебінің 6-сынып оқушысы Хайырлыс Жанғабыл мен Талшық орта мектебінің 3-сынып оқушысы Сапар Санжар қатысты, байқау қорытындысы бойынша Талшық ОМ 3-сынып оқушысы Сапар Санжар 2-орынды жеңіп алды.
2023 жылдың наурыз айының 17 күні «Әр бала — бір жұлдыз» облыстық білім беру жобасы аясында «Табысты тәжірибе панорамасы» атты мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының озат педагогикалық тәжірибиесінің көрсетілімі ұйымдастырылды.
Өзінің жинақталған іс-тәжірибиесімен «Талшық орта мектебінің» КММ мектепалды дайындық сыныбының тәрбиешісі Гауэр Т.Г., «Май орта мектебінің» КММ мектепалды дайындық сыныбының тәрбиешісі Мұханжанова У.О , «Алқатерек орта мектебі» КММ жанындағы «Қарлығаш» шағын орталығының тәрбиешісі Кусаинова А.Қ, бөлісті. Аталған іс-шара білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында заманауи инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында өткізілді.
Барлық бейнематериал YouTube бейне-хостингі базасында «Әр бала — бір жұлдыз» арнасына орналастыру үшін облыстық байқауға жіберілді.
Білім бөлімінің әдіскері А.Л.Хасенова
Бөлім әдіскері А. Л. Хасенова
Халықаралық әйелдер мерекесі қарсанында Кулыкөл ауылының «Балапан» бөбекжай балабақшасының «Жұлдыздар» ересек тобында отбасылық «Ана, әже және мен!» байқауы өтті.
Байқауды өткізу мақсаты — балаларды отбасылық және ұлттық құндылықтарға баулу. Тәрбиеленушілерді мемлекеттік тілді қолдана отырып, қазақ халкының патриоттық, мәдени-тарихи дәстүрлеріне, әдет-гұрыптарына баулу, танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттері мен адамгершілік құндылықтарын дамытуға ықпал ету. Байқауға Темірболат Назым, Әнуарбек Асем, Нұржан Жанайым командалары қатысты. Бірінші кезең талабы бойынша әжелер шежіренің ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, ата тегіміздің туыстық бөлінісін сипаттап, баяндайтын дүние екендігін баяндап берді. Екінші қезеңде тәрбиеленушілер би билеп ән салу додасы бойынша өнерлерін ортаға салды, ал үшінші кезенде отбасылар мақал-мәтел сайысында сыналды. Осы кезеңдерден мүдірмей өткен Нұржан Жанайымның отбасы облыстық кезеңге қатысады. Жанайымның отбасына сәттілік тілейміз! Байқаудың қызықты кезеңдері бар бейнематериалдар YouTube арнасында https://youtu.be/bjF-sp1kPmw орналастырылған.
Бөлім әдіскері А. Хасенова
«Мағжанның маржан жырлары» аудандық байқауы
Ағымдағы жылдың 17 ақпаны Талшық ОМ-нің негізінде қазақтың ұлы ақыны, Алаш қайраткері, ұлт мақтанышы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған «Мағжанның маржан жырлары» аудандық байқауы өтті. Талап бойынша ақынның 30 өлеңін жатқа мүдірмей мәнерлеп оқыған қатысушы 1-орынды жеңіп алу қажет. Осы орайда байқауға Қарашілік ОМ, Май ОМ, Алқатерек ОМ, №2 Ленинград ОМ, Ұялы және Талшық ОМ 9 оқушы қатысып, ІІІ-орынды Киев ОМ-нің 8-сынып оқушысы Алимова Дильназ (мұғалімі З.С. Капарова), ІІ орынды Дәуіт ОМ-нің 6-сынып оқушысы Аубакиров Мархат иеленсе (мұғалімі –Г.Е. Жүсіпова), Дәуіт ОМ-нің 10-сынып оқушысы Мұратбек Дәурен 1-орынды жеңіп алды (мұғалімі –Г.Е. Жүсіпова). 27 ақпан күні облыс орталығы Петропавл қаласында өтетін облыстық байқауда Дәурен, Мархат және Дильназға жеңіс тілейміз!
Бөлім әдіскері А.Хасенова
Талшық орта мектебіндегі «Lesson Studi» сұрақтары бойынша сабақты зерттеу туралы
Ағымдағы жылдың қаңтар айынан Талшық орта мектебінің мұғалімдері Қ.Д.Махметова, А.А. Жағпарова, С.А. Досжанова және А.Қ.Смағұлова 9 «А» сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті, география, ағылшын тілі және биология пәндері үшін қажетті дағдылар бойынша сыныпта оқитын оқушылардың ішінен жоғары, орта және төмен көрсеткіштері бар топтардың үш өкілін таңдап алып, «Оқу үлгерімін жақсарту мақсатында логикалық тірек сызбаларды қолдану» мәселесі бойынша зерттеу жұмысын бастап кетті. Lesson Studi бағытында жұмыс істейтін жоғарыда есімдері келтірілген мұғалімдер әр оқушының деңгейін анықтап алып, Lesson Studi-дің аяғында әр оқушыдан қандай нәтиже күтетіндері туралы арнайы жоспар жасады.
Lesson Studi-ді бірлесіп жоспарлаған топтың қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Қ.Д.Махметованың Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесі бойынша 24.01 және 31.01 өткен екі сабағына қатыстым. Қорлан Дәукеновна тапсырмаларды орындау барысында «Джигсо», «Фишбоун», «Қара жәшік» әдістерін, графикалық органайзерді толтыру және «Шын, жалған» ойынын ұтымды пайдаланды. Бақылауға алынған үш оқушы ерекше назарға алынып, топ мүшелерінің бақылаудағы оқушылардың әрқайсысы бойынша сабақ соңына қарай не істей білетінін және дәлелдеме ретінде не көргісі келетіндіктерін жазып отырды. Бақылаушылар бақылаудағы оқушылардың сабақтың әр түрлі кезеңіндегі жауаптарын белгілеп отырып, осы кезеңде жоспарланған нәтижеге сәйкестігін немесе одан алшақ кеткендіктерін ескеріп отырды. Сабақ барысында әр бақылаушы арнайы сызба арқылы өз пікірлерін қысқа да нұсқа белгілеп отырды. Сабақтарды қорытындылай келе Қорлан Дәукенқызы мен Аяш Амантайқызының сабақта қолданған кей әдістері уақытты көп қажет ететіндеріне тоқталды, келесі сабақта басқа әдіспен алмастырған дұрыс деген сияқты анализ жасап, Lesson Studi-дің топ мүшелері алдағы өтетін сабақ кезеңі қандай болмақ деген сұрақ төңірегінде жоспар құрды.
Бөлім әдіскері А.Т. Хасенова
Ағымдағы жылдың 22 қарашасында Талшық орта мектебінде «Алтын тұғыр» бастауыш сынып мұғалімдерінің республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты — бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби іс-әрекетінде жоғары нәтижелерге жетуге деген құштарлығын арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту және мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыру, мұғалім мәртебесін көтеру. Олимпиада үш бөлімнен тұрады: «Дұрыс жауапты таңда», «Бос орынды толтыр», «Шешу, дәлелдеу». Олимпиаданың қорытындысы бойынша 1 орынды Айсары ОМ мұғалімі Шакенова А.Қ., 2 орынды Байтүс ОМ мұғалімі Макенова Р.Т., 3 орынды Ақжарқын ОМ Дәлелхан Р.мұғалімі иеленді, жеңімпаздар облыстық байқауға қатысады.
Бөлім әдіскері А.Л. Хасенова
2022 жылғы 4 қарашада Петропавл қаласында екі білім беру ұйымының базасында «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» КММ және «ЛОРД» дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты» КММ 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі өтті. Байқаудың осы кезеңіне қатысу үшін біздің ауданнан 6 зерттеу жобасы іріктелді.
Байқау қорытындысы бойынша бойынша 1 орынды Дәуіт ОМ 6 сынып оқушысы Хайырлыс Жанғабыл, Талшық ОМ 3 сынып оқушысы Сапар Санжар, 2 орынды Дәуіт ОМ 4 сынып оқушысы Баетов Тайыр, 3 орынды Ақжарқын ОМ 5 сынып оқушысы Борисюк Мария иеленді. Дәуіт ОМ 5 сынып оқушысы Берестнева Маргарита және Талшық ОМ 7 сынып оқушысы Сапарбек Камила алғыс хатпен марапатталды.
Конкурстың қорытынды Республикалық кезеңіне облыстық кезеңде 1 орын алған оқушылар қатысады.
Бөлім әдіскері А.Л.Хасенова
1-қазақ сыныбына оқушыларды қабылдау туралы жиналыс
Ағымдағы жылдың 19 сәуірі Талшық орта мектебінде мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен балабақша меңгерушілері арасында мемлекеттік тілімізді қолдану мен дамыту туралы және 1-қазақ сыныбына қазақ балаларын тарту бойынша ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жүргізу қажет екендігі туралы мәселе қозғалған жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында №1 Ленинград орта мектебінің және №2 Ленинград орта мектебінің, Восход негізгі мектебінің және Новосел бастауыш мектептерінің оқу ісі меңгерушілері ата-аналардың неліктен орыс сыныптарына балаларын беру себептерін ортаға салып, осы сұрақ бойынша әлі де жұмыс жүргізе беретіндері туралы айтты.
Сапалы өткен облыстық семинар
Ағымдағы жылдың 28 қазаны Талшық орта мектебінің негізінде «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында цифрлық ресурстарды тиімді қолдану» айдарымен облыстық көлемде Ақжар, Уәлихан және Тайынша аудандарының орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің семинары өтті.
Аудандық «Абай жаққан бір сәуле» олимпиадасының қорытындысы
«Абай жаққан бір сәуле» атты Абай Құнанбайұлының қарасөздеріндегі афоризмдерді талдау олимпиадасы ағымдағы жылдың 20 қазаны күні Талшық орта мектебінің негізінде өтті. Ауданның 23 мектебінен 5-11-сынып оқушылары арасынан екі номинация бойынша 51 оқушы қатысып, ұлы ойшыл, философ Абай атамыздың баға жетпес мол мұрасын, афоризмдерді мағынасы мен идеясына қарай ашып, өз қабілеттерінше талдау жасаса, жас ақындар мүшәйрәсі номинациясында қатысушылар ақынға арнау өлең және еркін тақырыптағы бір өлеңімен қатысты. Комиссия қорытындысы негізінде ақынның афоризмдерін талдау бойынша келесі оқушылар І, ІІ және ІІІ орындарды бөлісті:
- Темірхан Алмас – І орын;
- Серікбай Асанәлі – ІІ орын;
- Степанова Карина – ІІ орын;
- Бейсенова Назерке – ІІІ орын;
- Жарқынбай Еркежан – ІІІ орын;
- Салиева Жансая – ІІІ орын;
- Жаналинова Диана – ІІІ орын.
Жас ақындар мүшәйрасы бойынша Ғибадат Айлана, Байжұманова Қымбат, Жәлел Әлем, Искакова Бақыт, Қабдыразақ Еркешке ІІІ орын белгіленді.
Облыстық «Менің кіші Отаным» байқауының қорытындысы
2022 жылдың 19 қыркүйегі күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 8-11- сынып оқушылары арасында «Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың аудандық интеллектуалдық конкурсы өткізілді. Конкурстың мақсаты – балаларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасына, кіші Отанын зерттеуге тарту, өскелең ұрпақ бойында жаңа Қазақстандық патриотизмді дамыту.
Конкурстың міндеттері:
- туған өлке тарихын оқуға деген танымдық қызығушылықтарын ынталандыру;
- тәжірибелік және зерттеу қызметіне қызығушылық танытушы оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету;
- 9-11 сынып оқушылары арасында «Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың аудандық интеллектуалдық конкурсына қатысушылардың арасынан жеңімпаздарды анықтау.
Ауданның 23 мектебінен 20 оқушы қатысып, арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өздерінің кіші Отандары жайлы видиороликтер жасап, ғылыми жобаларын қорғау және эссе жазу сайысына түсті. Бас жүлделерді иеленген Талшық ОМ-нің 9-сынып оқушысы Қайырбекова Аяулым, Жаңаауыл ОМ-нің 9-10-сынып оқушылары Кәрібай Диана және Белгібай Аяулым, Горьковский ОМ-нің 9-сынып оқушысы Шаймерденова Әсем 14 қазан күні Петропавл қаласында өткен облыстық байқауға қатысып, Талшық ОМ-нің оқушысы Қайырбекова Аяулым өзінің кішкене Отаны, Талшық елін қалай көретіні туралы макетін қорғап, облыстық байқауда жүлдегерлер (2-орын) арасынан табылды. Ал жоғарыда аттары аталған оқушылар сертификаттарға ие болды.
Гуманитарлық бағыт бойынша өткен секция отырыстары
23 Тамыз №2 Ленинград ОМ-нің негізінде гуманитарлық бағыт бойынша еңбек ететін пән мұғалімдерімен «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбындағы тамыз конференциясы аясында панельдік секция отырысы өтті. Аудан педагогтері ӘНХ талқылап, алдағы 2022-2023 оқу жылында күтілетін жаңалықтармен танысты.
Бөлім әдіскері А.Т. Хасенова
Республикалық тамыз конференциясы аясында Ақжар ауданының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің педагогикалық қызметкерлерінің «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен окытуды дамытудың жана моделін іске асыру: мазмұнды сапалы жанғырту» атты секциялық отырысы өтті. Отырыста жаңа нормативтік құжаттар қарастырылып, өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.Атап айтсақ , 2022 жылғы 3 тамызда мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бекітілді (ҚР ОАҒ №348 бұйрығы). Құжат https://adilet.zan.kz/rus сайтында қолжетімді. Жаңа стандарт негізінде Үлгілік оқу жоспары әзірленіп, бекітуге ұсынылды (ҚР БҒМ №557 бұйрығы).
Бөлім әдіскері А.Л. Хасенова
2022 жылдың 31 мамыр күнi бастауыш сынып мұғалiмдерiнен құралған ассоциация отырысы «Бастауыш сыныптарда оқытудың әдiс-тсiлдерiн тиiмдi қолдану» тақырыбында zoom платформасы арқылы өткiзiлдi.
Ассоциация отырысының кiрiспе бөлiмiнде аудандық бiлiм бөлiмiнiң әдiскерi Айжан Лұқманқызы Хасенова «2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта бiлiм беру ұйымдарында оқу процесiн ұйымдастыру туралы» әдiстемелiк-нұсқау хаттың ерекшелiктерiмен таныстырып, енгiзiлген өзгерiстер туралы айтып шықты.
Отырыс барысында бастауыш сынып мұғалiмдерi Гүлнара Нұрұмқызы Сейпилова, Ольга Николаевна Власова, Риза Талғатқызы Макенова өз тәжiрибелерiмен бөлiстi, бұл тәжiрибелер тыңдаушылардың ерекше қызығушылығын тудырып, олардың тарапынан алғыс сөздер айтылды.
Отырыс соңында бөлiм әдiскерi Сұлушаш Ергебекқызы Мұқанова педагогтерге «Орта бiлiм беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейiнгi ұйымдарға, орта бiлiм беру ұйымдарына арналған оқу-әдiстемелiк кешендердiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2020 жылғы 22 мамырдағы N 216 бұйрығына енгiзiлген өзгерiстер туралы айтып шықты және оқулықтарға тапсырыс беру кезiнде зерделеу және қарастыру үшiн «Алматыкiтап», «Атамұра» баспаларының баламалы оқулықтарының демо-нұсқасының сiлтемелер тiзiмiн ұсынды.
Бөлiм әдiскерi А.Л. Хасенова
***
Мамырдың 26-28 аралығында Талшык ауылында 7-8 сынып ұлдары арасында волейболдан республикалық «Мектеп лига» спартакиадасының облыстық кезеңi өткiзiлдi. Жарысқа барлығы 5 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша: Ақжар ауданының атынан қатысқан Алқатерек ОМ мектебiнiң командасы II орынды иелендi. Оқушыларды дайындаған дене шынықтыру пәнi мұғалiмi — Малгаждаров Қайыркен Аменұлы.
Бiлiм беру бөлiмiнiң әдiскерi Мадиқажы Айғали
27 мамыр күнi Ақжар ауданы бастауыш сынып мұғалiмдерiнiң қатысуымен "Ана тiлi пәнiн оқытудағы тиiмдi әдiс-тәсiлдер" тақырыбында облыстық деңгейде шеберлiк мектебi өттi. Iс-шарада аудан педагогтерi Қалима Әлiбекқызы Хасенова, Зауре Төлебайқызы Мухаева, Гульнар Зейноллақызы Сапарова әрiптестерiмен 1-сыныпта ана тiлiн оқытуда қолданатын әдiстер жайлы тәжiрибелерiмен алмасты. Бiлiм бөлiмiнiң әдiскерi Айжан Лұқманқызы Хасенова аудан педагогтерiнiң жұмысы жайлы ақпарат бердi. Сонымен қатар балаларды ана тiлiне үйрету кезiнде туындайтын мәселелер жайлы айтып, оларды шешу жолдарын ұсынды.
Бөлiм әдiскерi А.Л. Хасенова
2022 жылғы 23 мамырда «Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» информатика мұғалімдері қауымдастығының жоспарына сәйкес "Информатика сабағында заманауи білім беру әдіс-тәсілдері" тақырыбында облыстық семинар өткізілді. 57 мұғалім қатысқан облыстық семинарда Ақжар ауданының информатика пәні мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар қорытындысы бойынша облыс мұғалімдері арасында тәжірибемен алмасу үшін жұмыс барысында осындай семинарлардың жалғасын тапқаны өз септігін тигізетіні туралы және қажеттілігі туралы пікірлер айтылды.
Білім бөлімінің әдіскері С.Е. Мұқанова
Мамырдың 13-15 аралығында Талшык ауылында республикалық «Жастар» спартакиадасының облыстық кезеңі өткізілді. Жарысқа барлығы 7 аудан және Петропавл қаласы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша: Ақжар ауданының құрама командасы III орынды иеленді. Оқушыларды дайындаған дене шынықтыру пәні мұғалімі – Махметов Азат Ботажанович.
Білім беру бөлімінің әдіскері Мадиқажы Айғали
Аудандық және облыстық Абай оқулары және Мағжан оқуларының қорытындысы
2022 жылдың 11 және 22 сәуірі күндері Талшық ОМ-нің негізінде «Абай оқулары» және «Мағжан оқулары» өткізілді. «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы» номинациясы бойынша Дәуіт ОМ-нің 8-сынып оқушысы Сәкенова Жансая, «Абайдың ақын шәкірттері» номинациясы бойынша Талшық ОМ-нің 9-сынып оқушысы Сұлтанова Алина, «Көңілім әнді ұғады» номинациясында Ақжарқын ОМ-нің 9-сынып оқушысы Жәнібек Ақерке, «Ұлылар әлемі» және «Абайдың қарасөздері» номинацияларында Қ.Хадесов атындағы Жаңаауыл ОМ-нің 10-сынып оқушылары Белгібаева Аяулым және 8- оқушысы Бекетов Данияр жүлделі 1-орынды жеңіп алды. Ал Мағжан оқуларының «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» номинациясында Киев ОМ-нің 8-сынып оқушысы Искакова Бақыт, «Өлең –менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы бойынша Дәуіт ОМ-нің 10-сынып оқушысы Мұратбек Дәурен және «Толқынмен толқын сырласып...» номинациясы бойынша №2 Ленинград ОМ-нің 8-сынып оқушысы Мұқтар Аина облыстық байқауда бақ сынады. Нәтижесінде Шәкәрімнің «Бұл ән, бұрынғы әннен өзгерек» әнін орындаған Ақерке және Абайдың өлеңдерін жатқа оқыған Жансая жүлделі ІІІ орын жеңіп алды. Ал Абайдың ақын шәкірттерінің шығармаларын оқыған Алина білім басқармасының Грамотасымен марапатталды.
Бес асық және Асық атудан облыстық жарыс
Мамырдың 5-7 аралығында Петропавл қаласында Бес асық(қыздар) және асық атудан (ұлдар) арасында республикалық спартакиадасының облыстық «Мектеп лигасының » III кезеңі өткізілді . Жарысқа барлығы 9 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша:
Бес асық (қыздар)
3 орын 5-6 сыныптар арасында Қарашілік ОМ
3 орын 7-8 сыныптар арасында Дауіт ОМ
3 орын 9-11 сыныптар арасында Ащыкөл ОМ
Асық ату (ұлдар)
1 орын 9-11 сыныптар арасында Қарашілік ОМ
Білім беру бөлімінің әдіскері Мадиқажы Айғали
Мамырдың 3-4 аралығында Петропавл қаласында жеңіл атлетикалық кросстан республикалық спартакиадасының облыстық «Мектеп лигасының » III кезеңі өткізілді . Жарысқа барлығы 10 команда қатысты. Соның ішінде Ақжар ауданының атынан қатысқан Бестерек орта мектебінің командасы II орынды иеленді. Оқушыларды дайындаған дене шынықтыру пәні мұғалімі – Кожасов Азамат Кайырбекович.
Білім беру бөлімінің әдіскері Мадиқажы Айғали
2-4 сынып оқушыларына арналған «Кемел ұрпақ» облыстық математикалық турнирі 28 сәуір күні 2-4 сынып оқушыларына арналған «Кемел ұрпақ» облыстық математикалық турнирі өтті. Турнирге ауданның білім беру ұйымдарының 6 оқушысы қатысты. Академиялық адалдықты сақтау мақсатында Zoom бейнеконференциясында нақты уақыт режимінде орталық әдіскерлерінің қатысуымен прокторинг ұйымдастырылды.
Турнир қорытындысы бойынша біздің ауданнан екі оқушы жүлделі орынды иеленді. ІІ орын Талшық орта мектебінің 4 сынып оқушысы Екпешұлы Мансұр, ІІІ орын Дәуіт орта мектебінің 4 сынып оқушысы Берестнева Маргарита
Методист РОО Хасенова А. Л.
Сәуірдің 19-21 аралығында Бескөл ауылында 7-8 сынып ұлдары арасында футзалдан республикалық спартакиадасының облыстық «Мектеп лигасының» III кезеңі өткізілді. Жарысқа барлығы 9 команда қатысты. Соның ішінде Ақжар ауданының атынан қатысқан Ақжарқын орта мектебі нің командасы III орынды иеленді. Оқушыларды дайындаған дене шынықтыру пәні мұғалімі – Далайхан Аденият.
Сәуірдің 13-15 аралығында Бескөл ауылында 7-8 сынып қыздары арасында футзалдан республикалық спартакиадасының облыстық «Мектеп лигасының » III кезеңі өткізілді . Жарысқа барлығы 7 команда қатысты. Соның ішінде Ақжар ауданының атынан қатысқан Бестерек орта мектебінің командасы III орынды иеленді. Оқушыларды дайындаған дене шынықтыру пәні мұғалімі – Конбас Досан .
Наурыздың 21-23 аралығында Бескөл ауылында 9-11 сынып ұлдары арасында волейболдан республикалық спартакиадасының облыстық «Мектеп лигасының» III кезеңi өткiзiлдi. Жарысқа барлығы 7 команда қатысты. Соның iшiнде Ақжар ауданының атынан қатысқан Алқатерек орта мектебiнiң командасы I орынды иелендi. Оқушыларды дайындаған дене шынықтыру пәнi мұғалiмi — Малгаждаров Қайыркен Аменұлы.
***
Наурыздың 28-30 аралығында Бескөл ауылында 9-11 сынып ұлдары арасында футзалдан республикалық спартакиадасының облыстық «Мектеп лигасының» III кезеңi өткiзiлдi. Жарысқа барлығы 8 команда қатысты. Соның iшiнде Ақжар ауданының атынан қатысқан Қ.Хадесұлы атындағы Жанауыл орта мектебiнiң командасы III орынды иелендi. Оқушыларды дайындаған дене шынықтыру пәнi мұғалiмi — Кожулдаков Бағдат Кәрiбайұлы.
***
«Мемлекеттік тілдің болашақта алатын орны мен рөлі» дөңгелек үстел
2022 жылдың 29 наурызы Талшық орта мектебінің негізінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қауымдастығында «Мемлекеттік тілдің болашақта алатын орны мен рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Аудандық және облыстық «Абайтану» олимпиадасының қорытындысы
Жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен Республика көлемінде өткізілетін IV «Абайтану» олимпиадасының аудандық кезеңі 2 қаңтар күні Талшық орта мектебінде ұйымдастырылды. Оған аудан мектептерінің 9-11-сынып оқушыларынан 25 оқушы білімдерін сынап, 10 қаңтар On-Line өткізілген облыстық кезеңге Талшық ОМ-нің 9-сынып оқушысы Сұлтанова Алина, №2 Ленинград ОМ-нің 10-сынып оқушысы Қабылаш Аида және Ақжарқын ОМ-нің 11-сынып оқушысы Зейнелда Айсәуле қатысты. Облыстық олимпиадада бақ сынасқан үш қатысушымыз жүлделі үшінші орын иегерлері атанды.
2022 жылдың 28 қаңтары «СҚО әкімдігінің Білім басқармасы» КММ-нің «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-нің Әдістемелік сағат шеңберінде ауданның орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қатысуымен семинар өтті.
2022 жылдың 6 қаңтары «СҚО әкiмдiгi бiлiм басқармасы» КММ-нiң «Бiлiм саласындағы әдiстемелiк жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-нiң және М.Қозыбаев атындағы университеттiң ұйымдастыруымен қазақ тiлi мен әдебиетi мұғалiмдерiнiң арасында олимпиада өткiзiлдi. Ақжар ауданының намысын Қ.Хадесұлы атындағы Жаңаауыл орта мектебiнiң қазақ тiлi мен әдебиетi мұғалiмi Айжан Қажғалиқызы Шамшиева қорғап, жүлделi III орын иегерi атанды.
«Жүзден жүйрiк» байқау қорытындысы
2021 жылдың 25 қарашасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО бойынша ПҚБАИ» Ы.Алтынсариннiң 180 және Ж.Жабаевтың 175 жылдығына арналған қазақ тiлi,орыс тiлi,ағылшын тiлi мұғалiмдерi арасында «Жүзден жүйрiк» фестиваль-конкурсын ұйымдастырды. Ақжар ауданының намысын Қазан орта мектебiнiң қазақ тiлi мен әдебиетi мұғалiмi Асайбекова Асемгуль Токтаровна қорғап, I орынға ие болды.
15.11.2021
2021 жылдың 12 қарашасында Ақжар ауданының білім бөлімі бастауыш сынып мұғалімдері арасында "Отан. Ту. Тіл." тақырыбына Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыстық челленджінің аудандық кезеңін өткізді.
Байқаудың мақсаты:
- мәнерлеп оқуға қабілетті, шығармашыл педагогтерді анықтау;
- педагогтердің мәнерлеп оқуға қызығушылығын арттыру;
- ақындық дарынды мұғалімдерді анықтау және қолдау;
- Отанға, елге және ана тіліне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Аудандық кезеңге 7 мұғалім қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 1-орынды №1 Ленинград орта мектебінің мұғалімі Пансевич Виктория Алексеевна, 2-орынды №1 Ленинград орта мектебінің мұғалімі Сайфина Елена Леонидовна, 3-орынды Қызылту орта мектебінің мұғалімі Гемпель Марина Юрьевна иеленді. Жеңімпаздар облыстық кезеңге қатысады.
Методист Хасенова А.Л.
10.11.2021 ж.
Ақжар ауданы бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының әдістемелік отырысы туралы ақпарат
2021жылғы 5 қараша күні ауданымыздың бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының «Оқу пәні бойынша жұмыс бағдарламасына қойылатын талаптар негізгі білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі механизмі» тақырыбында отырысы ZOOM платформасында өткізілді.
Семинарға 57 мұғалім қатысты. Отырыста ауданымыздың бастауыш сынып мұғалімдері өз тәжірибесімен бөлісті. Талшық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бактыбаева М.И. «Оқу пәні бойынша жұмыс бағдарламасына қойылатын талаптар негізгі білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі механизмі»; №1 Ленинград орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шанкишева Б.Ж. «Формативное оценивание как средство мотивации учебной деятельности учащихся»; Қызылту орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сапарова Г.З. «Методы и приемы обучения грамоте на уроках в начальной школе»; №2 Ленинград орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Балгужинова А.Т.«Оқушыларға сапалық білім берудегі озық педагогикалық технологиялардың тиімділігі» және Бостандық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Серкебаева Г.А. «Саралап оқытудың әдіс-тәсілдері» тақырыптары бойынша өз ойларын ортаға салды.
Семинардың соңында педагогтер алған мәліметтердің қажеттілігі туралы пікірлерімен бөлісті.
Бөлім әдіскері Хасенова А.Л.
08.11.2021 ж.
Тарих пәні мұғалімдерінің секция отырысы
2021 жылдың 5 қарашасында тарих пәні мұғалімдерінің секциялық отырысы өтті. Секция жұмысын білім алушылардың білімдегі олқылықтарын толықтыру жолдарын қарастыру мәселесіне бағытталды. Жұмыс барысында «Блум таксономиясы бойынша БЖБ және ҚБ тапсырмаларын әзірлеу» тақырыбында Талшық ОМ-нің мұғалімі Қ.Жолтай және Бестерек ОМ-нің мұғалімі С.Б. Көпеева «Оқушылардың білімдегі олқылықтарын толықтыру жолдары» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.
02.11.2021 ж.
«Менің кіші Отаным» атты интеллектуалдық байқаудың аудандық кезеңінің қорытындысы туралы
Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегі «Менің кіші Отаным» атты байқау 9-10-сынып оқушылары арасында On line режимінде өткізілді.
Конкурстың мақсаты: туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың кішкентай Отанына деген мақтанышын арттыру.
Конкурстың негізгі міндеттері:
- өлкетануға қызығушылық танытқан оқушыларды анықтау және қолдау;
- туған өлкенің тарихын зерттеуде танымдық қызығушылығын ынталандыру;
- оқушылардың тарихи өлкетану саласындағы бастамалары мен зерттеу идеяларын анықтау және ынталандыру;
- жалпы тарих негізінде өз жерін, аймағын, өз қаласын, ауылын сүйуге бүкіл қазақстандық бірегейлік пен бірлікті қалыптастыру.
Конкурстың қорытынды кезеңі екі тур бойынша өткізілді:
І тур — Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тест тапсыру;
ІІ тур — 4 номинация бойынша:
- «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша — елді мекеннің тарихын презентация түрінде немесе бейнефильм форматында ашу (географиялық атауын, құрылу тарихын, дамудың негізгі кезеңдерін, табиғи-климаттық ерекшеліктерін, халықтың саны, кәсіпорындар мен әлеуметтік-тұрмыстық сала мекемелері туралы ақпарат, көрікті жерлері және т.б.);
- «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша — автордың өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншілік символы болып табылатын жануарлар, өсімдіктер, адамдар, құбылыстар және т.б. туралы презентация түрінде немесе бейнефильм форматында баяндау. (өз таңдауын бірегейлі негіздеу, дәлелдеу қажет);
- «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша — нысан макетін презентация түрінде таныстыру;
- «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша — өз елді мекені, ауылы туралы эссе жазу.
Аудандық кезеңге Талшық ОМ-нен Масғұт Айлана, Қазан ОМ-нен Ербол Ақмарал, Ащыкөл ОМ-нен Атет Зарина, Бауыржан Нұржол, Қали Хадесұлы атындағы Жаңаауыл ОМ-нен Белгібаева Аяулым, Кәрібай Диана, Атабай Гүлхана, Дәуіт ОМ-нен Мұратбек Дәурен, Қуаныш Қымбат, Май ОМ-нен Қабиден Нұрболат, Қарашілік ОМ-нен Утепов Дамир, Амангелді Нұрбол қатысып, әділқазылар қорытындысы бойынша облыстық кезеңге келесі оқушылар жолдама алды:
- Ержанқызы Ақмарал — «Ақжарқын орта мектебі» КММ-нің 9-сынып оқушысы (жетекшісі: Манав Алмагүл);
- Кәрібай Диана — «Қ.Хадесұлы ат.Жаңаауыл орта мектебі» КММ-нің 9-сынып оқушысы (жетекшісі Зәмзәгүл Атабайқызы Қожылдақова);
- Мұхтар Ерлан — «№2 Ленинград орта мектебі» КММ-нің 9-сынып оқушысы (жетекшісі: Нұргүл Қанатқызы Басыбаева).
Байқау жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.
«Менің туған өлкем» номинациясы бойынша облыстық байқауға эссе жазуға қатысқан №2 Ленинград ОМ-нің 9-сынып оқушысы Мұхтар Ерлан жүлделі III орын иегері атанды.
14.10.2021 ж.
Аудандық «Мен және сен қазақша сөйлейміз» байқауының қорытындысы
Ауданда тұрып жатқан халықтардың ұлттық дәстүрлерін оқушыларға танытып, олардың тілге деген құштарлығын арттырып, ұлттар арасындағы достық пен қазақ халқының тарихын, мәдениеті мен әдебиетін насихаттау мақсатында өткізілетін байқаулар игі дәстүрге айналған. Сонымен қатар өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруге деген ынтасын арттыру үшін бірқатар жобалар іске асырылуда.
Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Тілдер фестивалі аясында аудандық «Мен және сен қазақша сөйлейміз» айдарымен өзге ұлт өкілдері оқушыларының арасында қазақ поэзиясынан өлең оқу байқауы өтті. Оған жиырма үміткер қатысып, келесі орындарды иеленді және грамоталармен марапатталды:
Риттер Альбина (Горьковский ОМ), Доронин Артем (Айсары НМ) (III орын), Гейде Алина (Восход НМ), Атрощенко Алена (Дәуіт ОМ), Ветрова Карина (Талшық ОМ), Куманева Ксения (Қызылту ОМ) (II орын), Очилова Дильфуза (Жаңаауыл ОМ), Пентина Дарья (Қазан ОМ) (I орын), Зюзько Руслан (Дәуіт ОМ) (Бас жүлде).
05.10.2021 ж.
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы халықтарының тiлдер күнi қарсаңында мектеп жасына дейiнгi балаларды көркем сөз арқылы туған елiнiң тарихына деген мақтаныш, құрмет сезiмiн тәрбиелеу мақсатында өлең, ертегi, әңгiмелердi мәнерлеп оқу бойынша педагог, балалар және ата-аналардың қатысуымен «Ана тiлiн — арың бұл» айдарымен челлендж өткiзiлдi. Аудандық кезеңге қатысқан 10 қатысушының арасынан Талшық ауылындағы «Айгөлек» балабақшасының тәрбиеленушiсi Ораз Аслының отбасы және Құлыкөл ауылындағы «Балапан» балабақшасының тәрбиеленушiсi Кудьяров Арлан облыстық кезеңге өттi және Ораз Аслының отбасы республикалық финалдық кезеңге жолдама алып, конкурстық комиссияның шешiмiмен «Өнегелi отбасы» номинациясын жеңiп алды.
***
2021 жылғы 19 мамырда Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы физика мұғалімдері қауымдастығының жоспарына сәйкес "Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде физика пәнін оқыту ерекшеліктері" тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинарға облыстың 83 мұғалімі қатысты. Ақжар ауданының физика пәні мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар қорытындысы бойынша облыс мұғалімдері арасында тәжірибемен алмасу үшін осындай семинарлардың пайдалығы мен әрі қарай өткізудің қажеттілігі туралы өз пікірлерін білдірді.
26.12.2019
Жаңажылдық балалар шыршасы
Аудан әкімнің орынбасары Бөгенбай Жұрынтаев жеотоқсанның 26-сы күні Мәдениет үйінде өткен балалардың жаңажылдық шыршасына қатысты. Салатанат басында ауданымыздың бірінші басшысы Ербатыр Мадияровтың атынан оның орынбасары Бөгенбай Жұрынтаев балаларды құттықтап, өскелең ұрпаққа зор денсаулық, үздік оқу, елінің патриоты болуды тіледі.
Жаңажылдық шыршада балалар билеп, көңілді әрі шабытты ән айтып, шыршаны шеңберінен айналып, маскарадқа деген киімдерін қорғады.
Әділқазылардың жеңімпаздарды марапаттау жөніндегі шешімінен кейін аудан әкімі Ербатыр Мадияровтың сыйлықтары үздіктерге табысталды. «Цифрлы Қазақстан» костюмін киген Кенащы мектебінің оқушысы Төлеген Алпамыс Гран-при жүлдесіне лайық деп бағаланып, оған ноутбук байланды. Бірінші орындары Алқатерек пен Қызылту ОМ өкілдері Алексеенко Николай («Космонавт») және Танаберген Нұртас («Мәңгілік Ел») алып, телевизор сыйланса, екінші жүлделерді Вретиков Валерий (Байтуыс НМ, «Тазша бала») және Бақытмұрат Ақбота (Қазан ОМ, «Жастар жылы») иеленіп, телефон тарту етілді. Ал «Тышқан» костюмін киген қарашіліктік Әнуарбек Әсел мен «Періште» киіміндегі Нәбиуллина Фарида, Ленинград №2 ОМ, үшінші тұғырға көтеріліп, олар да телефон иегері атанды.
Шараға қатысқан басқалар да сыйсыз қалған жоқ, олардың бәрі аудан әкімнің сыйлығымен марапатталды.
2019-2020 оқу жылы 18 қазанда Май орта мектебiнде Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай — дара тұлға» атты аудандық кiтапханашылар семинары өттi. Жиналған қатысушыларды мектеп мұражайымен таныстырып, кiтапханашылардың төл мерекесiне арнайы дайындалған коцерттiк бағдарламамен семинар бастау алды. Мектеп кiтапханашасы К.Е. Баяганова шеберлiк сынып пен квест ойынымен өткiздi.
Барлық қатысушылар рефлексия арқылы семинадың жоғары деңгейдегi өткенiн бағалады.
«www.atamekenim.kz» порталы «Мектепке жол» платформасын құру
Ағымдағы жылы республикада көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы оның дәстүрлі басталуына бір ай ерте, шілде айынан басталғандығы өздеріңізге белгілі.
«Ата мекенім» қоғамдық қорының қолдауымен «www.atamekenim.kz» порталында көмекке мұқтаж ата-аналар өз өтінімдерін қалдыра алатын «Мектепке жол» платформасы құрылды.
Өз кезегінде демеушілер мен меценаттар ақшалай қаражатты онлайн-аудара отырып осы портал арқылы көмек көрсету бойынша өз ниеттерін жүзеге асыра алады. Бұл платформа жыл бойы жұмыс жасайды.
Ата-аналардан немесе оларды алмастырушы тұлғалардан түскен өтініштер ұлттық білім беру дерекқорының мәліметтерімен салыстырылатын болады, одан кейін көмек атаулы түрде бөлінетін болады.
Сонымен қатар, көмек көрсетудің дәстүрлі әдістері жалғасатын болады.
Сонымен бірге, балалардың құқықтарын бұзу фактілері бойынша жедел әрекет ету және шаралар қабылдау үшін «Телеграмм» мессенджерінде «BALA QORAÝ» («https://t.me/bala_qorgau») чат құрылды.
«Мектепке жол» платформасын толтыру бойынша іс-қимыл алгоритмі
1. Қадам. Мекенжай өрісінде www.atamekenim.kz теру қажет.
2. Қадам. «Мектепке жол» қойындысын таңдау.
3. Қадам. «Өтінім беру» қойындысын таңдау және алаңдарды толтыру.
«Pedagogical workshop» аймақтық жобасы аясында 2019 жылдың 15 мамырында ЖМБ пәндерін ағылшын тілінде оқытуды енгізу бойынша облыстың пилоттық мектептердің тәжірибесін көрсету мақсатында Талшық орта мектебінде аймақтық семинар өткізілді. Семинарға Тайынша, Уәлиханов және Ақжар аудандарының мектептерінен 25 мұғалім және аудандық білім беру бөлімінің әдіскерлері қатысты. Ақжар ауданының мұғалімдері ағылшын тілінде ЖМБ пәндерінен ашық сабақтар мен коучингтер көрсетті.
Ағымдағы жылдың 27 ақпан күнi Май орта мектебiнде «Үш тiлдi үйретудi енгiзу бойынша мұғалiмнiң кәсiби дамуы» тақырыбында семинар кеңес өткiзiлдi. Семинар барысында Май орта мектебiнiң мұғалiмi Лукманова Д.Ж.
8 сыныпта информатика пәнiнен «Charts» тақырыбында ашық сабақ өткiздi.
«Мектеп жасына дейінгі балалардың мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік дағдыларын, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру» тақырыбында аудандық семинар
2019 жылдың 23 жұлдызында Қарашілік орта мектебінде мектепалды даярлық тобының тәрбиешілеріне арналған аудандық семинар өтті.
Семинардың тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік дағдыларын, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру».
Семинардың жоспары бойынша «Балдырған» шағын орталығында тіл дамыту сабағынан Мұхамедияр Нарғыз Хасенқызы «Қыс қызығы» атты оқу іс әрекетін өткізді. Мектепалды даярлық тобында Нұргүл Амантайқызы Құсайынова математикадан «Ұшақпен ұшамыз. Бүтін және бөлікті салыстырамыз» тақырыбында ашық сабақ берді. Осы мектептің оқушыларымен Үлгілі орта мектебінің ұстазы Гүлден Сағымбайқызы Қасенова сауат ашудан ««Ғ» дыбысы мен әрпі» тақырыбында сабақ көрсетті.
Екінші бөлімде Бестерек ОМ-нің ұстазы Қайыркенова Жазира Таубайқызы «Түрлі — түсті тұзбен сурет салу», Талшық ОМ-нің ұстаздары Гауэр Татьяна Григорьевна квест ойынын «В гости к домовенку Кузе», Турсунова Бахытгүл Омиртасовна «Жаратылыстану және қауіпсіздік» кіріктірілген сабақтары тақырыптарында шебер сыныптар өткізді. Шебер сыныптар өте қызықты және пайдалы болды.
Жалпы семинар жақсы деңгейде ұйымдастырылып өткізілді, соңында қорытындысы жасалып, ұсыныстар айтылды.
АӘК әдіскері Бастыбаева А.Е.
2019 жылдың 21-22 қаңтар күні Петропавл қаласында «Ақшақар» спартакиадасы бағдарламасындағы қыздар арасында футзалдан облыстық финалдық жарыс өтті.
1 орынға Ақжар ауданының БЖДДК тәрбиеленушілері ие болды. Оқытушы-жаттықтырушылары Қайрат Амангелдіұлы Ережепов және Багдат Карибайұлы Кожулдаков.
«Modern English Teacher-2018» байқауы
Ағылшын тiлi — қазiргi заманда жаһандық тiл. Бұл тiлде әлемнiң көптеген елiнде сөйлейдi. Қазiргi заманауи мектептерде ағылшын тiлi пәнi мiндеттi пән ретiнде оқытылады.
Бүгiнгiдей жаһандану заманында көп тiл бiлетiн адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тiлдi үйрену, оны жетiк меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезiнде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тiл — халықпен бiрге өмiр сүрiп дамиды. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Әрбiр Қазақстандық үш тiлдi жетiк меңгеруi керек. 2020 жылға дейiн ағылшын тiлiн бiлетiн тұрғындар саны бiршама көбеюi керек» — деп айтқан едi. Мектеп табалдырығынан бастап жоғарғы оқу орындарында ағылшын тiлiн үйрету айрықша мәртебеге ие. Ағылшын тiлiнiң Қазақстандағы рөлiнiң арта түсуi қазақ тiлiнiң мемлекеттiк мәртебесiн iске асыру мәселесiн маңызды ете түсуде. Тiл үйренудiң ешқандай зияны жоқ, керiсiнше пайдасы ұшан-теңiз. Туған тiлiңдi бiлуге тиiстi емессiң, мiндеттiсiң дер едiм. Ал басқа мемлекеттiң алдында өз елiңнiң дәрежесiнiң биiк екенiн мойындату үшiн, жетi тiлдi жетiк меңгеру артық етпейдi.
Осы мақсатта 23 қараша Талшық орта мектебiнiң қабырғасында ағылшын тiлi мұғалiмдерiнiң дәстүрлi «Modern English Teacher» — 2018 байқауы өттi. Талшық ОМ-i, Қазан ОМ-i, С. Сәдуақасов атындағы Ұялы ОМ-i, Май ОМ-i, Үлгiлi ОМ-i, Бестерек ОМ-i, Айсары НМ-нiң ағылшын тiлi мұғалiмдерi А.А. Женатова, А.Ш. Байжұманова, А. Зейнолла, С.Ә. Исина, А.Б. Болатова, Ж.А. Тамина, А.Е. Искакова байқауда өздерiнiң кәсiби шеберлiгiн ортаға салып, жүзден жүйрiк атануға атсалысты. Қазылар шешiмiмен үшiншi орынды Үлгiлi ОМ-нiң мұғалiмi Айнагүл Батыржанқызы иеленсе, екiншi орынды Бестерек және Ұялы ОМ-нiң мұғалiмдерi Жазира Амангелдiқызы және Айдана Тұрлыбекқызы бөлiсiп, бiрiншi орынды Қазан ОМ-нiң мұғалiмi Арайлым Шоқанқызы жеңiп алды.
Ұстаздар парызы — «өзге тiлдiң бəрiн бiл, өз тiлiңдi құрметте» дегендей, мемлекеттiк тiлдi меңгертiп қана қоймай, мемлекет саясатын iске асыруда шет тiлдерiн де меңгерту. Сонымен тiлдердiң үштұғырлылығы — уақыт талабы. Үш тiлдi бiлу аудан оқушыларының бiлiм кеңiстiгiнде еркiн самғауына жол ашады. Бiлiктi де бiлiмдi ұстаздар осы iстiң тек жанашыры ғана емес, орындаушылары болуы керек.
Бiлiм бөлiмiнiң әдiскерi
А.Т. Хасенова
«Жаңартылған білім беру бағдарламаны жүзеге асыруда бастауыш сыныпта жаңаша әдіс-тсілдердің тиімділігі» тақырыбында аудандық семинар
2018жылдың 18 жұлдызында №2 Ленинград ОМ бастауыш сыныптарға арналған аудандық семинар өттi.
Семинардың тақырыбы: «Жаңартылған бiлiм беру бағдарламаны жүзеге асыруда бастауыш сыныпта жаңаша әдiс-тсiлдердiң тиiмдiлiгi». Жоспар бойынша ашық сабақтар, тәрбие сағаты және шебер сыныптар ұйымдастырылып өткiзiлдi. 2 сыныпта жаратылыстану пәнiнен Угубаева А.А. «Бәсең дыбыстар», 1сыныпта сауат ашудан Балгужинова А.Т. «Ұлттық тағам», 4 сыныпта әдебиеттiк оқудан Малгаждарова Р.А. «Достық өлкесiнiң заңы», 1-2сыныптарда тәрбие сағаты «Жолда жүру ережесiн сақтаймыз».
Күннiң екiншi жартсында Алқатерек ОМ бастауыш сынып мұғалiмi Амзина Қ.Ш. «Сабақтарда, сыныптан тыс тәрбие сағаттарында жаңа әдiс тәсiлдер қолдану» тақырыбында өз тәжiрибесiмен алмасты. Айсары НМ ұстазы Мурзахметова М.Б. «Бастауыш сыныптардың оқыту пәндерiнде қолданатын әдiс-тәсiлдер» тақырыбында шеберлiк сынып қөрсеттi.Дәуiт ОМ мұғалiмi Тоқсанбаева А.Е. «Бастауыш сыныптарда қолданылатын формативтi бағалау әдiстерi» және Ақжарқын ОМ мұғалiмi Халел Қуантай «Оқушылардың шығармашылық қабiлеттерiн дамыту» атты тақырыптарда шеберлiк сыныптар өткiзiлдi.
Семинар әдiстемелiк жағынан жақсы деңгейде өттi. Керi байланыста ұстаздарға ұсыныстар айтылды .
«Қазіргі білім кеңістігін ізгілендірудің жаңа бағыттары» тақырыбында аудандық семинар
2018жылдың 11 мамырда Киев ОМ-де өзін -өзітану пәнінің мұғалімдеріне арналған аудандық семинар өтті. Семинардың тақырыбы: «Қазіргі білім кеңістігін ізгілендірудің жаңа бағыттары». Жоспар бойынша 3 ашық сабақ, тәрбие сағаты ұйымдастырылып өткізілді: 4 сыныпта «Денсаулық-өмір негізі» Хасенова К.Ж., 3сыныпта «Денсаулық- зор байлық» Урумбаева А.Б., 7 сыныпта «Сүйіспеншілік жолындағы өмір» Ташимова Ә.А. 3,4,7 сыныптармен тәрбие сағаты «Жалпыадамзаттық құндылықтар». Семинар әдістемелік жағынан жақсы деңгейде өтті. Кері байланыста ұстаздарға ұсыныстар айтылды.
Қазақ тілі мен әдебиетінен аудандық «Жарқын болашақ» олимпиадасы
2018 жылдың 20 қаңтары Бестерек орта мектебiнiң негiзiнде аудандық «Жарқын болашақ» олимпиадасы өттi. Олимпиадаға 24 мектептен 95 оқушы қатысты. «Жарқын болашақ» олимпиадасы 5 номинация бойынша өткiзiлiп, келесi тiзiмдегi оқушылар облыстық байқауға қатысуға жолдама алды:
1.«Жазушылар» номинациясы:
Горьковский ОМ-нiң 9-сынып оқушысы Тентимишқызы Сезiм;
Үлгiлi ОМ-нiң 10-сынып оқушысы Мадиярова Меруерт;
2.«Әншi-бұлбұлдар»:
Қазан ОМ-нiң 8-сынып оқушысы Шааб Вероника;
Ақжарқын ОМ-нiң 10-сынып оқушысы Хұдайберген Гүлғайым;
3.«Сөз шеберлерi»:
Қазан ОМ-нiң 8-сынып оқушысы Шааб Вероника;
Кеңащы НМ-нiң 7-сынып оқушысы Касенова Сымбат;
4. «Тiлшi-әдебиетшi»:
Горьковский ОМ-нiң 8-сынып оқушысы Парпиева Сара;
Май ОМ-нiң 10-сынып оқушысы Төлеген Риза;
5. «Жас ғалымдар»:
№2 Ленинград ОМ-нiң 9-сынып оқушысы Қайырболды Дильназ.
Бөлiм әдiскерi Аягөз Хасенова
Мақаланы құрған күні 19.01.2018 14:16
Мақаланы жаңартқан күні 13.09.2024 18:08