I-халықаралық «Burabay Summer Fest» фестиваль туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлiгiнiң ұйымдыстырылуымен Астана қаласының 20-жылдығын мерекелеу аясында балалар мен жасөпiрiмдер арасында I-халықаралық «Burabay Summer Fest» фестивалi алғаш рет өткiзiлдi. Бұл фестиваль елiмiздiң барлық аймақтарында, облыс орталықтарында iрiктеу кезеңдерi өттi. Байқаудың басты мақсаты дарынды балаларды анықтау, шығармашылық қабiлеттерiн арттыру, отан сүйгiштiкке тәрбиелеу арқылы 10-16 жас аралығындағы қатысушылар 9 номинация бойынша бақ сынасты. Бұл фестивальге облыс орталығында өткен iрiктеу кезеңiне мектебiнiзден «аспаптық өнер» номинациясына Темiрхан Бекзат, Ергалиева Аружан және хореография номинациясына «Айтұмар» үлгiлi хореографиялық ансамблi қатысып, 15.06-04.07.18 аралығында Бурабай демалу орталығында өтетiн жиырма күндiк фестивальдiң екiншi кезеңiне жолдама алды.
Елiмiздiң iнжу маржаны, табиғаты әсем Бурабай жерiнде «Балдаурен» сауықтыру орталығында өткен iс-шараға мектебiнiзден 9 оқушы Тулюбаева Г.Б. жетекшiлiгiмен танымал өнер қайраткерлерiнiң шеберлiк сабақтарына, экскурсияларға және басқа да ойын-сауық iс-шараларына қатысты.
Қазылар алқасының шешiмен «аспаптық өнер» номинациясы бойынша 34 қатысушы және «хореография» номинациясы бойынша 17 ұжым Астана қаласында өткен Гала-концертке қатысты. Байқау қорытындысы бойынша мектебiмiздiң дарынды оқушысы Ергалиева А. «аспаптық өнер» номинациясы бойынша II-орынды жеңiп алды және «Айтұмар» үлгiлi хореографиялық ансамблi «Алғыс хатпен» марапатталды.
«Серпер» өнер мектеiбiнiң
оқу iсiнiң меңгерушiсi Л.Т. Жетписбаева
№2 Ленинград орта мектебiнiң 2017-2018 оқу жылындағы жазғы демалыс кезiнде өткiзiлген шатырлы лагерь туралы ақпарат
2018 жылдың 19 маусымында Айсары негiзгi мектебiнiң ұйымдастыруымен Ленинград ауылының маңындағы «Черемушкада» шатырлы лагерь өткiзiлдi. Қатысқан мектептер: №2 Ленинград ОМ, Ащыгөл ОМ, Ақжарқын ОМ, Айсара НМ, Алкатерек ОМ, Ленинград ОМ. Мақсаты: балаларды табиғат аясында өзiне-өзi қызмет етуге, өз өлкесiн танып, бiлуге, ортаны қорғап, күтуге, ұйымшылдыққа, өз бетiмен әрекет етуге үйрету, сауықтыру. Оқушылармен жиын өткiзiлiп, жоспар таныстырылды. Балаларды бiр-бiрiмен таныстыру мақсатында «Танысу» тренингi өткiзiлдi.
Содан соң спорттық сайыстар өткiзiлдi. Оқушылар командаларға бөлiнiп футбол ойнады. Мұғалiмдер де бiр команда шығарып, оқушылармен жарысты.
Дастархан жайылып, самауыр қойып, түскi ас iшiлдi.
Түстен кейiн балалар мен мұғалiмдер өзенге барып, шомылды. Оқушылардың өзендегi қауiпсiздiк ережелерiн сақтау үшiн өзенде шомылу үшiн арқанмен шектеу жасалды.
Шатырлы лагерьдiң жоспары бойынша балалар мен мұғалiмдер ән айтты. Кеш бата үлкен алау жағылды.
Шатырлы лагерь құру, табиғатты тамашалап, демалу, өзенде шомылу, жаңа достармен ән айту, алау жағу, самауыр қайнату қызық екен. Шатырлы лагерьдiң балаларға сыйлары мол екен. Шатырлы лагерде өткiзiлдген спорттық iс-шараларда командалық есепте I орынға ие болдық. Балалар бiр-бiрiмен танысып, мақтау қағаздарымен марапатталып, қимастықпен қоштасты.
№2 Ленинград орта мектебiнiң жазғы «Балдәурен» сауықтыру лагерi туралы ақпарат
№2 Ленинград орта мектебiнде «Балдәурен» мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерi ұйымдастырылған. Лагерь 10 күннен, 3 аусымда күнтiзбелiк жоспар бойынша жұмыс iстейдi. Маусымның 1-нен бастап мектеп жанындағы «Балдаурен» сауықтыру лагерiнiң 1 ауысымы жұмыс атқаруда. Барлығы 40 оқушы демалуда. Күнiне 1 рет оқушылар ыстық тамақпен қамтылған. 1 — ауысым маусымның 15-не дейiн жалғасады.
Тәрбиешi демалыстың әр күнiн қызықты етiп өткiзуде.
Атап айтсақ: «Кел танысайық» тренинг. «Мемлекеттiк рәмiздер мақтанышым», «Отан — отбасынан басталады» аппликация, «Астана- бас қала» суреттер көрмесi, «Мектеп мұражайына саяхат» ,«Бiздiң ауыл» ермексазбен жұмыс, «Бiлгiштер алаңы» логикалық тапсырма, ребус, ойындар, «Ертегiлер әлемi» сахналау, «Менiң Отаным — Қазақстан» танымдық ойын, эстафеталық ойындар өткiзiлдi.
Ауысымда орыс тiлi, ағылшын тiлi, кiтапханашы, психолог, медбике сабақтар, тренингтер өткiзiп жүр.
Мақаланы құрған күні 22.06.2018 11:04
Мақаланы жаңартқан күні 29.05.2020 17:58