Іс-шара

Ақжар ауданының білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылына арналған ББДА, ББЖМ және PISA-ға дайындық жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ (PDF 1354 Kb)

\

«Мектепке жол» акциясын өткiзу туралы

«Мектепке жол» акциясын өткiзу туралы

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2019 жылдан бастап жыл сайынғы "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы жыл бойғы форматқа ауыстырылды. Бiрақ "Мектепке жол" акциясының негiзгi көрсеткiшi балаларды жаңа оқу жылына дайындау болып табылады.

2022 жылдың Қазақстан Республикасының Президентi «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты, қайырымдылық акциясына ерекше көңiл бөлiнедi және осы жылы акциясы "Мектепке жол-Шексiз жақсылық!" ұранымен өткiзiледi.

Солтүстiк Қазақстан облысының Ақжар ауданында "Мектепке жол" республикалық акциясы жалғасуда.

Акцияның мақсаты — аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы жайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтiк көмек көрсету, әлеуметтiк себептер бойынша балалардың мектепке келмеуiнiң алдын алу.

Ауданының бiлiм беру ұйымдарында оқушыларға мектепке дайындыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Көмекке мұқтаж балалардың деректер базасы құрылды. Азаматтардың өтiнiштерiне жедел әрекет ету үшiн «жедел желiлер», «сенiм» телефондарының жұмысы ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, қайырымдылық көмек көрсетуге демеушiлердi, әлеуметтiк серiктестердi, мемлекеттiк құрылымдарды тарту бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Республикалық акция күнтiзбелiк жыл бойы жалғасатынын айта кеткен жөн.

Балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсеткiсi келетiндер тұрғылықты жерi бойынша бiлiм беру бөлiмiне немесе тiкелей бiлiм беру ұйымына хабарласа алады.

"Мектепке жол" республикалық акциясына арналған іс-шаралар жоспары

«Мектепке жол» акциясын өткізу туралы бұйрық

«Мектепке жол» акциясын өткізу туралы бұйрық

«Мектепке жол» акциясын өткізу туралы бұйрық

***

«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы

2021 жылғы 09 тамыздан бастап 20 қыркүйекке дейін СҚО бойынша «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы басталды.

Акцияның мақсаты: балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Қатысушылардың сапалық құрамы: мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар, мүдделі мемлекеттік органдардың, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың, ата-аналар қауымдастығының, мекемелердің, еңбек ұжымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, жергілікті полиция қызметтерінің өкілдері және т.б.

Акцияның мазмұны және форматы:

Ұраны - «Қауіпсіз мектеп автобусы үшін».

Акция аясында жоспарланған:

Мектептік тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін зерделеу

  • автокөліктің техникалық талаптарға сәйкестігін, балаларды білім беру мекемелеріне тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автокөліктердің техникалық байқаудан өтуін, жүргізушілердің құрамын (тиісті санаттарының болуына, жүргізушінің өтілі, жолда тәртіп сақтау әдеттері) тексеру, қозғалыс схемасының бар болуы;
  • мектепке кірме жолдарының қауіпсіздігі (аумақты жарықтандыру, «Балалар» белгісінің бар болуы, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдерді, «жатқын полицейлер» жасанды жол кедергісін және т.б. құру);
  • балаларды тасымалдайтын көлік құралдарында (автобустарда) арнайы жарық (жарық түсіргіш шамшырақшалар) және дыбыс сигналдарының бар болуы;
  • мектепке кірме жолдарында, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдердің маңында қолданыстағы бейнебақылау камераларының бар болуы;
  • жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуын болдырмау туралы және жол қозғалысының қауіпсіздігі тақырыбында мектеп автобустарының жүргізушілерімен нұсқамалар жүргізу, сондай-ақ балаларды көлік құралдарына отырғызу және түсіру кезінде мектеп автобустары жүргізушілерінің міндетті түрде апаттық дабыл қағуды қолдану;

Баршаңызды осы акцияға белсенді қатысуға шақырамыз.

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу фактілері болған жағдайда, оның ішінде мектептерге және үйге қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «сенім» телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 (7172) 742528.

«Мектепке жол» акциясын өткізу туралы

Қайта оралу Ақжар ауданы Солтүстік Қазақстан облысында «Мектепке жол» республикалық акциясы жалғасуда.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы жайсыз отбасыларда ашыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Ауданының білім беру ұйымдарында оқушыларға мектепке дайындыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Көмекке мұқтаж балалардың деректер базасы құрылды. Азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету үшін «жедел желілер», «сенім» телефондарының жұмысы ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, қайырымдылық көмек көрсетуге демеушілерді, әлеуметтік серіктестерді, мемлекеттік құрылымдарды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Республикалық акция күнтізбелік жыл бойы жалғасатынын айта кеткен жөн.

Балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсеткісі келетіндер тұрғылықты жері бойынша білім беру бөліміне немесе тікелей білім беру ұйымына хабарласа алады.

Мақаланы құрған күні 12.08.2021 12:54

Мақаланы жаңартқан күні 15.09.2023 12:07

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz