Ақжар ауданының мектепке дейінгі ұйымдарында мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) әдістемелік, психологиялық-педагогикалық және консультативтік көмек көрсететін кеңестік орталықтар жұмыс істейді.
http://balapan-sad-sko.edu.kz/page/read/Konsultativnyj_punkt_dlya_roditelej.html
https://erketai-sad-akqar.edu.kz/kz/konsultaciyaly-punktini-zh-mys-zhospary/#
https://baldirgan.edu.kz/kz/gosudarstvennye-zakupki-1895840
Кеңес беру орталығы отбасы мен қоғамдық тәрбиенің бірлігі мен қолайлылығын қамтамасыз ету, ата-аналарға (заңды өкілдеріне) психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына бармайтын балалардың жеке басының жан-жақты дамуына қолдау көрсету мақсатында құрылады.
Кеңес беру орталығының негізгі мақсаттары:
Ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған консультациялық пункттің жұмысы білім беру саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттарын іске асыруға, мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Негізгі міндеттері:
Мектеп жасына дейінгі баланың жан-жақты дамуы мәселелері бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) әдістемелік көмек көрсету, мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіруге ықпал ету;
Ата-аналарға (заңды өкілдерге) бір жастан бастап бірінші сыныпқа қабылданғанға дейін балаларды тәрбиелеу, оқыту мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету;
Ата-аналарға (заңды өкілдерге) диагностикалық көмек көрсету, мектеп жасына балалардың дамуындағы мәселелерді анықтау және диагностикалау;
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене бітімі, психологиялық және әлеуметтік дамуындағы әртүрлі ауытқулардың алдын алу;
Мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған ата-аналарға (заңды өкілдерге) ақпараттық қолдау көрсету;
Тәрбиеленушінің толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен тығыз ынтымақтастық орнату болып табылады.
Мақаланы құрған күні 20.10.2023 11:37
Мақаланы жаңартқан күні 23.10.2023 17:17