Білім министрі студентті оқудан шығаруға қатысты пікір білдірді

Білім министрі студентті оқудан шығаруға қатысты пікір білдірді

Нұр-сұлтан. ҚазАқпарат — ҚР Бiлiм және ғылым министрi Күләш Шәмшидинова Алматыда колледж студентiн оқудан шығаруға қатысты пiкiр бiлдiрдi, деп xабарлайды ҚазАқпарат тiлшiсi.

«Бiз ол жайында екi күн бұрын естiдiк. Дамир деген жiгiт. Оның мәселесiн зерделеудi бастадық. Бiзге түскен ақпаратқа сәйкес, студенттiң ата-аналары баласын алып кету туралы өтiнiштi өздерi берген. Дегенмен, қазiр бiз өзiмiз тексерiп жатырмыз. Егер оны заңсыз оқудан шығарса, заң бойынша тиiстi шаралар қолданылады», — дедi К. Шәмшидинова. 

Айта кетейiк, бүгiнгi брифингте бiлiм министрi бiлiм қызметкерлерiнiң жалақысын көтеру шаралары туралы айтты. Аталған тапсырманы ҚР Тұңғыш Президентi — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев берген болатын. Оған сәйкес, жалақысы төмен бюджеттiк сала қызметкерлерiнiң жалақысы 30 көтерiлуi керек. Бүгiнде арнайы тарифтiк коэффицент бекiтiлдi. 

Бұдан бөлек, Күләш Шәмшидинова жалақының қалай артатынын нақты мысалмен көрсеттi.   

15.04.2019
Қаралым саны: 1094
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz