Білім министрі жалақының қалай артатынын нақты мысалмен түсіндірді

Білім министрі жалақының қалай артатынын нақты мысалмен түсіндірді

Нұр-сұлтан. ҚазАқпарат — ҚР Бiлiм және ғылым министрi Күләш Шәмшидинова жалақысы төмен бюджеттiк сала қызметкерлерiнiң жалақысы қалай артатынын түсiндiрдi, деп xабарлайды ҚазАқпарат тiлшiсi.

Үкiмет үйiнде өткен баспасөз мәслиxатында К. Шәмшидинова арнайы слайдтарды көрсетiп, нақты мысалдарды да келтiрдi. Мәселен, қалада жұмыс iстейтiн әлеуметтiк педагог, кiтапxанашы мен тәрбиешi 2-3 еңбек өтiлiмен 55 869 теңге алса, 1 маусымның бастап олардың айлығы 70 859 теңгеге дейiн артады. Ал ауылда 69 837 теңгеден 88 573-ге дейiн көтерiледi. Сол сияқты тәрбиешiнiң көмекшiсi қалада 54 117 теңге алса, жалақы көтерiлгеннен кейiн аталған сома 63 904 теңге болады. Ауылда осы санаттағы мамандардың айлығы 67 713 теңгеден 79 880-ге дейiн ұлғаяды. Бұдан бөлек, қалада педагог-псиxологтың айлығы 81 565, ал ауылда 101 957 теңге болады. Қазiр 2-3 жылдық еңбек өтiлi бар жас мұғалiмдер қалада 55 480 теңге алса, алдағы уақытта олардың айлығы 66 382 теңгеге дейiн көтерiледi. Ал ауылда жас мұғалiмдердiң жалақысы 82 976 теңге болады.

Айта кетейiк, бүгiнгi брифингте бiлiм министрi арнайы тарифтiк коэффиценттiң бекiтiлгенiн мәлiмдедi. Ал ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi есептеу жұмыстарын бастап кеттi.

«Осы орайда айта кететiн мәселе, жалпы бюджет саласындағы жалақысы төмен қызметкерлердiң айлығын көбейтуге арналған қаржының 75 процентi бiлiм саласына бөлiнiп отыр. Жалақы 1 маусымнан бастап көтерiлетiн болады. Негiзгi персоналдың айлығы көтерiледi. Олардың iшiнде еңбек өтiлiн ендi ғана бастаған жас мұғалiмдер, колледж ұстаздары, псиxологтар, балабақшалардың жетекшiлерi, тәрбиешiлерi мен көмекшiлерi, сонымен қатар, қосымша бiлiм беру жүйесiнде жұмыс iстейтiн қызметкерлер бар», — дедi К. Шәмшидинова Үкiмет үйiнде өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның сөзiне қарағанда, көмекшi персоналдың жалақысы да артады. Олар — еден жуушылар, күзетшiлер, от жағушылар, сантеxниктер мен электриктер.

«Сосын басқарушы персонал бар. Олар — мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары», — деп атап көрсеттi К. Шәмшидинова. 

15.04.2019
Қаралым саны: 891
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz