«Darmen»

Жоба Smart Almaty концепциясын iске асыру аясында Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментi мен Алматы қаласының даму Орталығы және қазақстандық әзiрлеушi-компания «I2NIK» ЖШС-i арқылы iске асырылған.

Мобильдi қосымшаны ОС Android және IOS базасында смартфондар мен планшеттер иеленушiлерi мемлекеттiк, орыс және ағылшын тiлдерiнде жүктей алады, қазiргi уақытта қосымшаны 2000 желi пайдаланушылары өздерiне жүктеген.

«Darmen» қосымшасын өңдеу үшiн Жапония мен АҚШ-ың ұялы қосымшалар арқылы халықты хабарлау тәжiрибесi қолданылды. Бұл ретте, бiздiң қосымша бiрнеше секундтың iшiнде Алматы қаласының маңайында орын алған төтенше жағдайлардың /дауылды ескерту, жер сiлкiну және т.б./ туындау қаупi мен пайда болуы туралы халықты хабардар етуге мүмкiндiк бередi.

Қаланың ТЖД-i «Қазгидромет» және Сейсмологиялық эксперименттiк-әдiстемелiк экспедиция қызметтерiнен жедел деректердi алғаннан кейiн хабарландырулар жасайды. Ары қарай, Төтенше жағдайлар департаментiнiң жедел кезекшi деректердi жүйеге енгiзiп, push қосымшасын қолданатын желi пайдаланушыларына тез арада хабарландыру арқылы жiбередi.

Ұялы қосымшалар сынақтан өтiлдi және алдында қолданылған SMS-хабарламамен салыстырғанда хабарландыруларды тез жеткiзу бойынша жоғары тиiмдiлiктi көрсеттi. Сонымен, 2019 жылдың 15 сәуiрiнен бастап ТЖД-i қала тұрғындарын төтенше жағдайлар туралы құлақтандыруды SMS-хабарламамен бiрге «Darmen» қосымшасы арқылы хабарлайтын болады.

Аталған қосымшаны дүкендерден App Store, PIay Market мобильдi телефондар қосымшасы үшiн «Darmen» — деген атпен жүктеуге болады.

07.11.2019
Қаралым саны: 961
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz