Қазақстан 2021-2022 оқу жылында 12 жылдық бiлiм жүйесiне толық көшедi. Бұл жайында Мәжiлiс депутаттарының ресми сауалына жауап берген бұрынғы Бiлiм және ғылым министрi Күләш Шәмшидинова айтты.
«Республикада 2016 жылдан бастап 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8 сыныптарда «Назарбаев» зияткерлiк мектептерi тәжiрибесiне сәйкес әзiрленген орта бiлiм берудiң жаңартылған мазмұны енгiзiлдi. 2019-2020 оқу жылында жаңартылған бiлiм беру мазмұнына 4, 9 және 10 сыныптар, ал 2020-2021 оқу жылында 11 сынып көшетiн болады. 2021 жылы бiлiм берудiң жаңартылған мазмұны толықтай енгiзiлгеннен кейiн 12-жылдық бiлiм беруге кезең-кезеңiмен көшу жоспарланған», — деп атап өтедi ол.
Оның атап өтуiнше, 12-жылдық бiлiм беруге көшу құрылымы бастауыш мектептерде оқу мерзiмiнiң 1 жылға (1-5 сыныптар) ұлғаюы, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм беру мерзiмдерiнiң сақталуы есебiнен қамтамасыз етiледi. Қазiргi уақытта 12 жылдық бiлiм беруге көшудiң аталған құрылымы Қазақстандағы бiлiм мен ғылымды дамыту мемлекеттiк бағдарламасының жобасына енгiзiлген.
«12-жылдық бiлiм берудi енгiзу 2021-2022 оқу жылына жоспарланып отыр. Қазақстандағы бiлiм мен ғылымды дамыту мемлекеттiк бағдарламасы бекiтiлгеннен кейiн мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттары мен оқу жоспарларына тиiстi өзгертулер енгiзiледi», — дедi К. Шәмшидинова.
Қаралым саны: 1558