Жошы Ұлысының 800 жылдығына орайластырылған эссе байқауы

Кешегі қилы заманда елін, жерін ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қорғаған бабаларымыздың ерлік істері бүгінгі жастарымызға үлгі-өнеге, мақтаныш. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жылдың басында ғалым Дихан Қамзабекұлына берген сұхбатында биыл Жошы ұлысының 800 жылдығы ел көлемінде аталып өтілетінін айтқан болатын. Осыған орай сәуір айының бірінен он жетісіне дейін «Жошы Ұлысына 800 жыл» облыстық эссе байқауының аудандық кезеңі ұйымдастырылған болатын. Аудан мектептерінің 8-11-сынып оқушылары арасынан 18 эссе қаралып, облыстық байқауға Май ОМ-нің 8-сынып оқушысы М. Сағындық, Қызылту ОМ-нің 10 -сынып оқушысы С. Зиядина, Восход НМ-нің 9-сынып оқушысы А. Терещук және Бестерек ОМ-нің 9-сынып оқушысы І. Мұраттың жұмыстары облыстық байқауға жіберілді.

Бөлім әдіскері Аягөз Хасенова

24.04.2024
Қаралым саны: 34
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz