Мектеп ғимараттарына алып кіруге болмайтын заттардың тізімі бекітілуі мүмкін

Мектеп ғимараттарына алып кіруге болмайтын заттардың тізімі бекітілуі мүмкін

Елімізде мектеп ғимараттарына алып кіруге болмайтын заттардың бірыңғай тізімі бекітілуі мүмкін.

Бұл туралы кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысында Білім және ғылым министрі хабарлады. Ерлан Сағадиевтің айтуынша, бұл — жасөспірімдер арасында белең алған заңсыз әрекеттерді тыюдың бір амалы. Жиналғандар балалар қылмысын азайтуға қатысты арнайы әзірленген бағдарламаны талқылады. Құжат ата-ана жауапкершілігін арттыру, психологпен жұмысты күшейту сияқты бес бағытты қамтиды.

2017 жылы кәмелетке толмағандардың қолымен 3 мыңнан астам заңға қайшы әрекет жасалған. Былтыр да сол шамада болды. Өңірлер бойынша жіктесек, балалар қылмысы Атырау облысы мен Алматы қаласында өршіп тұр.

Ержан Ерсайынов, ҚР БҒМ балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары:

– Бағдарламаны жүзеге асыру үшін біріншіден психологтармен жұмыс жасаймыз. Өйткені психологтар бізде базалық білімді ЖОО-нан алады. Біліктілігін арттырамыз. Алдымен онлайн-курстар болады. Содан кейін психологтар балалармен, ата-аналармен жұмыс істейді. Әр психологқа куратор бекітіледі.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/293626-mektep-imarattaryna-alyp-kiruge-bolmajtyn-zattardy-tizimi-bekitilui-m-mkin

31.01.2019
Қаралым саны: 1133
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz