Білім және ғылым министрі әкімдік өкілдеріне оқушыларға жәбір көрсетілген мектептердің директорын жұмыстан босатуды ұсынды

Бiлiм және ғылым министрi әкiмдiк өкiлдерiне оқушыларға жәбiр көрсетiлген мектептердiң директорын жұмыстан босатуды ұсынды. Бұл туралы Ерлан Сағадиев мәлiмдедi, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тiлшiсi. "Министрлiк мектеп директорлары мен оқу iсiнiң меңгерушiлерiне ешқандай шара қолданбаған. Бұл жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысы. Бiрақ биыл бiз белгiлi бiр директорды жұмыстан босату туралы ұсынысты көпшiлiкке жариялаймыз. Оның iшiнде әлiмжеттiк болған мектеп директорларын" — дедi Сағадиев Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кеңейтiлген отырысында. ЮНИСЕФ мәлiметiнше, қазақстандық балалардың 62 пайызы зорлық-зомбылықтың құрбаны болған. Қаңтардың аяғында әлеуметтiк желiлерде бiр топ жасөспiрiмнiң кiшi сыныпта оқитын оқушыларжы ұрып-соғып жатқаны түсiрiлген видео таралған едi. Оқиға Түркiстан облысында болған. Қарағандыда 11 жастағы баланы орын бермегендiгi үшiн соққыға жығылған.

Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/sagadiev-mektepteg-tobeles-ushn-direktorlardyi-jumyistan-295630/

Материалды көшiрiп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсiлтеме мiндеттi түрде қойылуы тиiс. Авторлық құқықты сақтаңыз.

 Министерство образования и науки будет публично призывать акиматы уволить директоров школ

15.02.2019
Қаралым саны: 1223
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz