Жоғарыда аталған акция шеңберінде келесіні өткізу көзделген:
- 10-15 жас аралығындағы (10 жастан бастап 12 жасқа дейін, 13 жастан бастап 15 жасқа дейін) балалар үшін «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбына а.ж. 12-25 мамыры аралығында үздік сурет республикалық конкурсын;
- «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбына а.ж. 12-30 мамыры аралығында үздік ұран республикалық конкурсын (14 жас және одан үлкен жастар санаты арасында).
Осы конкурстардың жүлделі орнына сый ретінде планшет жарияланды!!!
Біздің облысымыздың азаматтарын, жастарын ықылассыз қарамай, конкурсқа белсенді қатысуларын сұраймыз! Өтінімдерді қабылдаудың мерзімі а.ж. 25 мамырына дейін.
Конкурстарға қатысуға өтінімдерді рәсімдеу мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөліміне 33-39-63 телефоны бойынша жүгінуіңізге болады.
14.05.2021
Қаралым саны: 965
Қаралым саны: 965