Бюджет қызметкерлерінің жалақысын көбейту бойынша жоба жарияланды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтық қызметкерлердің еңбек ақысын жоғарылату бойынша Мемлекет басшысы берген тапсырмаға сәйкес биылғы 1 маусымнан бастап 1,3 миллион адамның жалақысы көбеймек.

Министрлік осыған орай жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысына сәйкес жасалған арнайы есептемелік жобаны бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықтың назарына ұсынды. ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезекті съезінде еңбек ақы мөлшері аз бюджет қызметкерлерінің айлығын өсіру қажеттілігіне айрықша тоқталып, тиісті шаралар қабылдануы үшін нақты тапсырмалар жүктегені белгілі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл істі белгіленген шілде айының 1-іне дейін созбай алдағы маусым айының басынан бастап жүзеге асыруды міндеттеген еді. Нәтижесінде салалық министрлік нақты ұсыныстар әзірлегенін білдік.

Бюджет қызметкерлерінің жалақысын көбейту бойынша жоба жарияланды

Бұл бастама қолдау тапқан жағдайда республикалық бюджеттен 2019-2021 жылдар аралығында жыл сайын 86 миллиард теңге қарастырылатын көрінеді.

Нұрлан Мералы

22.05.2019
Қаралым саны: 1539
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz