Назар аударыңыз: иiс газы қауiптi!

Пешпен жылыту кезеңi басталғаннан берi область бойынша пештi орнату және пайдалану ережелерiн бұзғандығынан пешпен жылытудан болған иiс газымен улану оқиғалары жиiлеп кеттi.

Олардың басым көпшiлiгiнде иiст газымен улануға үй жылытатын пештi салу және пайдалану талаптарына мән бермей, өрт қауiпсiздiк ережелерiн бұзатын үй иелерi күнәлi болады, ал ата-аналарының салғырттығынан балалар зардап шегедi.

Егер пештi дұрыс пайдаланып және оның дұрыс жұмыс iстеуiне көңiл аударып отырса, отынның жану кезiнде пайда болатын иiс газының мөлшерi соншалықты қауiп төндiрмейдi. Сақтық — иiс газымен уланудың алдын алу кепiлi.

Төбесi жабылған және iшiндегi отыны жанбай қалған пеш иiс газының пайда болу көзi және байқаусыз уландырғыш болып табылады. Отын түгелдей жанып кеттi деп ойлап, үй иелерi жылуды сақтап қалу үшiн түтiндiктiң жолын жауып тастайды. Бықсып жанып жатқан көмiр ауа жетпегендiктен иiс газын түзiп, ол пеш құрылғысының саңлаулары арқылы бөлмеге таралады.

Түтiндiктiң тартымы және ауаның келiп түсуi нашар болған жағдайда да отынның жанбай қалып, соның салдарынан иiс газы түзiлiп, оның жиналуына әкелiп соқтырады. Түтiндiктi күтiп ұстау сондай жалықтыратындай жұмыс емес — тек 1 жылда 2 рет пешпен жылыту кезеңiнiң алдында және одан кейiн пештiң тартымын, кiрпiш қалауларының немесе модульдарының қиысқан жерлерiнде саңлаулардың жоқтығын тексерiп, қажеттi кезде пештiң iшкi беттерiн күйеден тазарту жеткiлiктi. Пеш пен түтiндiктiң қосылған жерiн бақылауға аса көңiл аударыңыз.

Көп қолданбай тұрған пешке от жағар алдында түтiндiк жолының бiтеуiшiн ашып, мұржа арқылы қарап, түтiндiктiң күйемен, жапырақтармен толып қалмағанына және құс ұяларының пайда болмағанына (осындай жағдайлар да болады) көз жеткiзу қажет.

Ал де егер ақаулық тапсаңыз — оны бүгiн жойыңыз, себебi ертең кеш болуы мүмкiн.

Қайрат Сатабалдинов
Ақжар ауданының ТЖБ бастығы
азаматтық қорғау подполковнигi

23.01.2020
Қаралым саны: 861
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz