Қазақстанда балалар үйi болмауы керек — Назарбаев
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Президент Әкiмшiлiгiндегiлер мен үкiметтегiлерге бизнесмендердiң назарын жетiм балалар проблемасына аударуды тапсырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тiлшiсi. VIII Азаматтық форум барысында BI Group компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев Президенттен Бала асырап алу жөнiндегi Ұлттық агенттiк құруға рұқсат беруiн сұраған едi. "Көптеген бизнесмендер қайырымдылықпен, көмек көрсетумен айналысады. "Аналар үйi", жетiмдер — бұл мәселелер менi қатты уайымдатады. Қазақстанда балалар үйi болмауы керек. Рахымбаев қандай бағытта жүру керектiгiн көрсетiп жатыр", — дедi Назарбаев. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиевтен қалайша Қазақстанда бала асырап алатын шетелдiк 11 агенттiктiң, ал отандық бiрде-бiр агенттiктiң жоқ екенiн сұрады. "Бала тәрбиелейтiн мүмкiндiгi бар адамдар балалар үйiндегi балаларды алуы қажет. Бiз BI Group компаниясының жұмысын қолдауымыз тиiс. (…) БҒМ, Президент Әкiмшiлiгiндегiлер, үкiметтегiлер жұмыс iстеуi керек, барлық iскер адамды, ақшасы бар адамдарды жинап осы мәселеге назар аударту қажет", — деп тапсырды Назарбаев Сағадиев өз кезегiнде балалар үйiндегi бала санының жыл сайын азайып жатқанын айтты. "Министрлiктiң ұстанымы — балалар үйiнiң мүлде болмауы. Соңғы үш жылда бұл көрсеткiш 24-ке дейiн қысқарды, қазiр 122 балалар үйi бар, онда 7 мың жетiм бала бар. Екi жылдан соң онда 3-3,5 мың бала қалады деп ойлаймыз", — дедi министр Сағадиев.
Қаралым саны: 1358