Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің төтенше жағдай режиміндегі жұмысы туралы

Құрметті салық төлеушілер!

«Төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру мақсатында мемлекеттік кірістер органдары халықтың тікелей байланысын азайту және короновирус жұқтырудың ықтимал жағдайларын болдырмау үшін бірқатар шаралар қабылдады.

Солай, заңды және жеке тұлғалар үшін өтінішті ұсынбай, салық есептілігін электрондық түрде табыс еткен жағдайда, салық есептілігі нысандарын табыс ету мерзімдерін 2020 жылғы 30 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Бұл норма салық есептілігінің мынадай нысандарына қатысы:

  1. корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00, 110.00, 150.00, 180.00 нысандары);
  2. жеке табыс салығы бойынша декларация (220.00, 240.00 нысандары);
  3. жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларация (230.00 нысаны);
  4. көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларация (700.00 нысаны);
  5. қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы жөніндегі декларация (870.00 нысаны);
  6. жалдау (пайдалану) шарттарының тізілімі (871.00-нысаны);
  7. тіркелген шегерімді пайдалана отырып, арнайы салық режимі бойынша декларация (912.00 нысаны);
  8. бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация (920.00 нысаны).

Камералдық бақылау жүргізу бөлігінде уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды:

  • хабарламаларды қолма-қол тапсыру;
  • камералдық бақылау хабарламаларына жауаптар/түсініктемелер (оның ішінде хабарламалардың басқа түрлері бойынша) барынша электронды түрде ұсыну қажет.
  • камералдық бақылау хабарламасының орындалмауына байланысты әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімін ауыстыру.

Салықтық және кедендік тексерулер бөлігінде.

  • өткізілетін салықтық және кедендік тексерулер тоқтатылады;
  • ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер бойынша тексерулер 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін тоқтатылады.

Құрметті салық төлеушілер Сіздерді уақытша шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Толығырақ ақпарат СҚО бойынша МКД сайтында және әлеуметтік желілерінде орналасқан:

http://sko.kgd.gov.kz,

https://www.facebook.com/sko.kgd.gov.kz/;

https://vk.com/public102469003;

https://twitter.com/DGD_SKO;

https://www.instagram.com/dgdsko/

19.03.2020
Қаралым саны: 1484
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz