Балаларды өрт қауіпсіздігі ережелеріне үйретейік!

Балаларды өрт қауіпсіздігі ережелеріне үйретейік!

Қазiргi заманда өмiрге қауiп төндiретiн жағдайға тап болу өте жиi кездеседi. Балаларды далаға ойнауға, қонаққа жiбергенде немесе үйде өздерiн қалдырғанда олармен еш жамандық болмайды және олардың өмiрiне ешқандай қауiп жоқ деп үмiттенемiз.

Өкiнiшке орай, статистика балалардың кесiрiнен болатын өрттер, балалар өлiмi орын алып жатқан өрттер жиi болып жатқанын көрсетуде. Балаларға өрт қауiпсiздiгi жайында не бiлу қажет? Қай жастан бастап балаларды өрт кезiнде емес, жану жағдайы кезiнде өзiн ұстау ережелерiне үйрету керек? Осындай сұрақтардың жауабы бiр: балалық шақтан бастап балаларды өрт қауiпсiздiгi ережелерiне үйрету керек. Мұндай ережелердi балаларға өз iс-әрекеттерiн түсiне бастаған шақта үйреткен дұрыс.

Бастысы балаға ашық от өте қауiптi екенiн, от жарақаттайтынын, ауыртатынын, тiптi адам өлiмiне әкеп соқтыру мүмкiн екенiн түсiндiру қажет. Бала жану және өрт жағдайлары болмау үшiн өзiн қалай ұстау керектiгiн немесе жану кезiндене iстеу, iстемеу керектiгiн бiлуi тиiс. Өрт шыққан кезде қалай сасқалақтап қалмау керектiгiн балаларға үйрету бiздiң мiндетiмiз. Көбiне балалар өрт шыққан жағдайларда үрейленiп тығылып қалады. Мұндай жағдайда не iстеу керектiгiн, өзiн қалай ұстау қажеттiгiн және өзiне қандай қауiп төнiп тұрғанын бiлмеуi себептi бала өзiн осылай ұстайды. Бiлiм жоқта үрей туындайды. Ең бастысы-үрейдiң болмауы. Байсалды болсаң және ақыл мен әрекет етсең қауiптен құтылу оңай.Үреймен сасқалақтау — бұл үнемi ақылды шешiм табу мүмкiндiгiн жоғалту.

Үлкендердiң мiндетi балаларға қажеттi бiлiмдi меңгерту болып табылады. Бастысы балаларға қарапайым тiлмен үйрету немесе ойын арқылы қажеттi бiлiмдi меңгерту болып табылады. Қорқыныш үрейдi, сасқалақтауды тудырады.

 Әрбiр адам бiлуге мiндеттi:

- егер жану2 минутта болса, онда жану шыққан жерден шығып кетуқажет;

- балалар жасырынып қалуға болмайтынын, бұл қауiптi екенiн түсiнук ерек;

- үлкендер балаларды жабық бөлмелерде өздерiн қалдыруғ аболмайтынын түсiнукерек. Бұл бақытсыздыққа әкелiп соқтырады.

Өрт болған жағдайда не iстеу керектiгiн еске түсiрейiк. Өрттiң болуы жайында жедел мiндеттi түрде «101» телефон номерiне хабарласу керек. Өрт сөндiрушiлердi шақыруда, қандай аудан немесе елдi мекен екенiң, толық мекен-жайды, қай жерде жанып жатқандығын нақты айту қажет. Сонымен қатар қандай зат жанып жатқанын, кiм хабарлап тұрғанын және ұялы телефон номерiңiздi айтып түсiндiруiңiз керек.

Егер сiздiң үйiңiзде немесе болған жерiңiзде телефон болмаса, «Өрт!» деп айғайлап, көшеде кетiп бара жатқандардың немесе көршiлердiң назарын аударуға тырысыңыз. Егер өрттiң ауқымы кiшiгiрiм болса, онда тиянақты сенiммен жану ошағын өздiгiнен сөндiруге тырысыңыз. Өрттенiп жатқан ғимаратта немесе басқа да бөлмеде мүмкiндiгiнше барлық электржүйесiн және газды қайнар көзден ажырату қажет.

Есiңiзде сақтаңыз: үйде әрқашан өрттi сөндiруге болатын заттар немесе құралдар болады, - көрпе, қатты мата, сонымен бiрге шелектер мен басқа да су тасуға болатын ыдыс-аяқтар.

Сондай-ақ:

- терелер мен есiктердi ашуға болмайды, себебi таза ауаның кiруi жануды одан бетер ушықтырады.

- электр жүйеге қосылған, электрқұралдарды сумен сөндiруге болмайды.

Егер бұл теледидар болса, онда қызған кинескоп жарылып, сiздi жарақаттауы мүмкiн. Сондықтан оны тығыз көрпемен немесе үстiне құмды, не болмаса гүл құмырасында болған топырақты себу қажет.

Егер бiрiншi минуттарда сiз өрттi сөндiре алмасаңыз, онда шұғыл бөлмеден шығып, адамдарға ғимараттан шығуға көмектесуiңiз қажет. Жану ошағынан жедел түрде балаларды, қарттарды және ауру адамдарды шығарыңыз.

Адамдарды бiрiншi кезекте олардың өмiрi мен деңсаулықтарына қауiп төндiретiн, сонымен бiрге жоғарғы қабаттардан, бiрiншi кезекте бүлдiршiндердң, қарттар мен мүгедектердi шығару керек.

Өрт кезiнде түтiн ғимарат-бөлмелердiң үстiнгi жағында жиналады, сондықтан қатты түтiндеу жағдайында сулы орамал немесе басқа да матамен ауыз-мұрынды жауып, еңкею немесе еденге жату қажет, өйткенi жанған улы өнiмдер жылы ауамен жоғарыға көтерiледi. Еңбектеп немесе сырғып шығаберiс жаққа бағыт-бағдарды жоғалтпау үшiн қозғалу қажет.

Киiмнiң жануы жағдайында зардап шеккендi тығыз, сулы матамен немесе пальто, корпемен жабу қажет. Сондай-ақ отты жерде домалап барып, сөндiруге болады, алайда басты сақтаған жөн.

Егер баспалдақ түтiнге толы болса — баспалдаққа түтiн шығатын бөлмелердi мықтап жауып, таза ауа кiру үшiн, баспалдақты бөлмеде болған терезелердi ашу немесе әйнектердi сындыру қажет. Түтiндi баспалдақ немесе дәлiз арқылы шығуға тырыспаңыз, жану газы өкпенi күйдiруге болады. Егер баспалдақта өрт болып немесе түтiн болса, онда балконға шығып өтiп бара жатқандардың назарын аударуға тырысыңыз.

Ғимараттардың үшiншi қабаттарынан бастап, терезелерiнен секiруге болмайды, өйткенi жарақат алудан қаша алмайсыз.

Пәтерiңiзде немесе басқа да үйдiң бөлiгiнде өрттiң болуына қарамастан, телефон арқылы өрт сөндiрушiлердi хабардар ету қажет.

Өрттiң қауiптiлiгi жайында ешқашан ұмытпаңыз, себебi бақытсыз жағдай әр адаммен болуы мүмкiн.

Қайрат Сатабалдинов,
Ақжар ауданының ТЖБ-ң бастығы,
азаматтық қөрғау подполковнигi

23.01.2020
Қаралым саны: 1701
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz