Оқу мекемелерінің өрт қауіпсіздігі

Балаларын мектепке жіберіп, ата-аналар әдетте оның қауіпсіздігіне сенімді және алаңдамайды. Бұл үшін қандай үлкен жұмыстың атқарылып жатқанын, олар біле бермейді. Жалпы білім беру мекемелерінің қауіпсіздігі — оқушыларды және мүлікті ішкі және сыртқы қауіптен барынша сақтау үшін мемлекеттік органдармен және мекеме әкімшілігімен әзірленген шаралар кешені. Мұндай қауіпсіздік едәуір кең әртүрлі ұстанымды және бағытты қамтиды: экологиялық қауіпсіздік, қопарылу қауіпсіздігі, радияциялық қауіпсіздік, электротехникалық қауіпсіздік жән өрт қауіпсіздігі. Бірақ оқушылардың денсаулығын қорғау бойынша қызметтің негізгі бағыттарының бірі — мектептегі өрт қауіпсіздігі.

Ақжар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің жұмыс жоспарларына сәйкес 2019 жылғы ақпан айынан бастап мамыр айына дейін мемлекеттік өрт бақылау қызметкерлері Қазақстан Республикасы өрт қауіпсіздігі нормалары және ережелері талаптарының сәйкестігіне білім беру объектілеріне тексерулер жүргізеді.

Объектілерде өрттің алдын алу мақсатында, мектептен эвакуациялық шығу жолдарының жағдайына назар аудару қажет. Эвакуациялық шығу жолдарында өрт болған жағдайда қауіпсіз және тез арада эвакуациялауға кедергі келтірмейтін, ешқандай заттардың болмауы керек. Эвакуациялау жолдары ашық болуы қажет. Эвакуациялау жолдарында есіктер өзінен және ішінен кілтсіз ашылуы тиіс. Егер сіз бөгде біреулердің кіріп кетуінен қорықсаңыз, бәрібір: күндіз есіктер ішінен тез ашылатындай тиектеп қоюға, ал түнде кілтпен жауып тастауға да болады. Аталған нормаларды сақтау өрт болған жағдайда оқу мекемесінде оқушыларды ғимараттан эвакуациялауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Бірақ сақталуы тиісті маңызды шарттың бірі — бұл адамдарды өрт туралы хабарландыру және автоматты өрт сигнализациясының жұмыс жасап тұрған жүйесі. Еш уақытта автоматты өрт сигнализациясыныңшлейфтерін сөндірмеңіз!Автоматты өрт сигнализациясының индикациясы панелінің жиынтығына назар аударыңыз, онда өрт туралы хабарлағышы бар барлық кішкентай шамдар жасыл түспен жанып тұруы керек. Егер сонда да бір шлейф жанбаса — қызмет көрсететін ұйымға қоңырау шалыңыз, жөндеуді талап етіңіз. Автоматты өрт сигнализациясының жұмысы өртті бастапқы кезеңінде табуға мүмкіндік береді.

Келесі кезең алғашқы өрт сөндіру құралдарына қатысты. Біріншіден, олар болуы керек. Екіншіден, олар дұрыс күйде болуы керек. Ерінбеңіз және өзіңіз жеке барлық өрт сөндіргіштерді қарап шығыңыз: манометр не көрсетіп тұрғанын, өрт сөндіргішті қашан қайтадан зарядтау қажет екендігін, қашан кезекті тексеру күні келетінін зерттеңіз. Тағы бір өрт сөндіргіштерге қатысты айтарлықтай маңызды аз ғана өзгешелік — бұл олардың қолжетімділігі. Олар көзге көрінетін жерде орналасуы және оларға еркін жақындау жолы болуы керек. Дұрыс күйдегі алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуы, бұл өрттерді бастапқы кезінде сөндіруді ұйымдастыруға және оған үлкен аумаққа жайылып кетпеуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге электр сымдарының және электр қондырғыларын дұрыс күйде ұстау туралы еске салғымыз келеді. Электр сымдарын пайдалану кезінде ешқандай орау және өз еркімен жалғау болмау керек. Бастысы, қорғаныс жүйелерімен жабдықталмаған, ұзартқыштар, үш тармақтар, көбейткіштер және басқа ұқсас заттарды пайдалануға тыйым салынады. Нақтырақ айтқанда, кернеудің кенеттен өзгеруі жағдайында ұзартқышты тоқсыздандыратын, сақтандырғыштармен. Сіз мүлде бес минутқа қостыңыз ба немесе дүкенде сізге қажет өлшемде ұзартқыш жоқ, және сізге оны өзіңіз жасауға тура келді ме тіпті маңызды емес. Электр сымдары электр қондырғыларын пайдалану талаптарына сәйкес болуы керек, себебі бұл өрттердің пайда болу көздерінің бірі болып табылады.

Егер өрт қауіпсіздігі ережелері барлығымен, ең кіші оқушыдан бастап басқарушы буынға дейін мәлім және бұлжытпай сақталатын болса, қайғылы жағдайларды болдырмауға болады. Егер әрқайсысы өрт кезінде дұрыс іс-әрекетті ұстанса, өз өмірін сақтауға, және басқалардың да қауіпсіздігіне қамқорлық жасаса, адамдардың қаза болуын болдырмауға болады.

Әркімнің міндетіне «101» және «112» телефоны бойынша өрт сөндірушілерді шақыру, жайлардан адамдарды эвакуациялау және мүмкіндігінше оттың таралуына жол бермеу жатады. Егер адамдардың өміріне қауіп төніп тұрса, материалдық құндылықтарды құтқаруға талпынбау керек.

Ақжар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі оқу мекемелері объектілерінің басшыларына өз объектілеріңізде өртті болдырмау және ата-аналары Сіздерге сеніп тапсырған балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауларыңызды сұранады.

ҚР ІІМ ТЖК СҚО ТЖД
Ақжар ауданының ТЖБ
азаматтық қорғау подполковнигі
Қайрат Сатабалдинов

17.01.2019
Қаралым саны: 1534
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz