Пешті жағу ережесі

Ұзақ байқау барысында, пешпен жылытатын үйлерде барлық өрттердің 50% пештің, тұрбаның дұрыс болмауынан және немқұрайлы жаққан кезде болатындығы анықталды. Дұрыс салынбаған пеш және тұрба оларда сызат пайда болумен шөгіндінің, саздың боялып бітуінің және жапсарлардан басқа ерітінділердің пайда болуына әкеп соқтырады. Кірпіштің жарықшағы және қалаулардың жапсарлары арқылы шыққан газ бен от әсіресе ағаштың, құрылғының тез жануына әкеп соқтырады.

«Өрт түтін шыққышта жиналып қалған күйенің жануынан да болуы мүмкін. Ағаш 300°С жуық температураға дейін қызған кезде оның тұтанатынын білу керек. Пештің немесе тұрбаның түпкі қабырғасына жақын қаптағыш немесе еден салуға болмайды, олар тек бөлгіштің шетіне дейін ғана жету керек. Пешті салғанда жанғыш ағаш қабырғалардың немесе қалқалардың аралығында 130 мм дейін бөлгіш жақтан ағашты қорғаумен аралық жасалады, ал ағаш пен «түтін» арасындағы қашықтық 250 мм-ден кем болмауы керек. Еден астымен қандай да бір пеш күлдіктері қосылуларының болуына қатаң тыйым салынады.

Міндетті түрде төбенің жоғары жағынан бастап пештің жабынына дейін 350 мм кем емес төбені бөлместен арақашықтық қалдыру керек, ал төбені бөлгенде 250 мм болу керек. Ол қарау, жөндеу және шаңнан тазалау үшін ыңғайлы болуы қажет. Қандай да бір пештің оттығының алдындағы ағаш едендер екі қабат киізбен немесе асбестпен бөлектенеді және мөлшері 500 X 700 мм кем болмайтын болат жабынмен плинтустарды жабумен қапталады.

Пеш пен тұрбаларды жүйелі түрде қарау және де бұзылуларды жөндеу керек. Қыс уақытында әсіресе пештер мен тұрбаларға мұқият қарау керек, өйткені оны көп жағады», — дейді Өскемен қаласы ТЖ басқармасының мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің аға инженері Валентин Литвиненко.

Пешті қолданған кезде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамау себебінен болатын өрттердің алдын алу үшін негізгі ережелерді есте сақтаңыз:

1. Жылыту маусымы басталардың алдында пештерді және түтін шыққыштарды тазалау, жөндеу және олардан шыққан түтіннен, пайда болған қара жарықшақтарды байқау үшін әкпен немесе балшықпен ағарту керек. Түтін шыққыштарды тексерген кезде түтін тартуына және бітелістің жоқтығына, тығыздығы мен олардың бөлектенуіне, жанғыш құрылғыларды сақтап тұратын бөліктердің барлығы мен дұрыстығына аса көңіл бөлу керек. Есте сақтаңыз, пешті салу мен жөндеуді тек мамандарға тапсыру керек.

2. Әрбір пеш жеке ірге тасқа салыну және барлық жалпақтығымен ағаш құрылғылардың қандай да бір қабырғасына жақын болмау керек. Олардың арасына саңылау – бөлшек қалдыру қажет. Оттықтың алдындағы ағаш еденге мөлшері 50*70 см кем емес темір табақ (оттық) қағу керек.

3. Жанып жатқан пешті қараусыз қалдыру және кішкентай балаларға тапсыру аса қауіпті.

4. Пешті жағу үшін жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдануға болмайды.

5. Пеш қатты қызып кетпес үшін оны біржарым сағаттан аспайтын уақыт және күніне ек-үш рет жағу керек.

6. Ұйықтар алдында үш сағат бұрын пешті жағуды тоқтату керек.

7. Қалауларда жарықшақтардың пайда болуының алдын алу үшін, түтін шыққышта жиналып қалған күлді жүйелі түрде тазалап тұру қажет. Үш айда бір рет түтін шыққыштан күлді тазалауға пешші-тұрба тазалағышты шақырып отыру қажет.

8. Пеште дым ағаштарды және киімдерді кептіруге болмайды.

9. Жихаздардың, перделердің жанып жатқан пештен біржарым метрден ары тұрғанына көңіл бөліңіз.

10. Ешқашанда пешті оттыққа ұзындығы бойынша симайтын ағашпен жағуға болмайды. Шөрке бойымен от жақын маңдағы заттарға, еденге және қабырғаға өтіп кетуі мүмкін.

11. Қыс уақытында түтін шыққыштардың бітеліп және қатып қалмауын болдырмау мақсатында айына бір рет түтін шыққыштардың бас жағын қарап отыру қажет.

Есте сақтаңыз, барлық өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары адам өмірімен жазылған және осы қандай да бір нормалардың бұзылуы ерте ме кеш пе сізді қайғылы оқиғаға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Пешті жағу ережесі

Ақжар ауданың ТЖ бөлімі
азаматтық қөрғау подполковнигі
Қайрат Сатабалдинов

17.01.2019
Қаралым саны: 1420
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz