Пештi жағу ережесi

Пештi жағу ережесiҰзақ байқау барысында, пешпен жылытатын үйлерде барлық өрттердiң 50% пештiң, тұрбаның дұрыс болмауынан және немқұрайлы жаққан кезде болатындығы анықталды. Дұрыс салынбаған пеш және тұрба оларда сызат пайда болумен шөгiндiнiң, саздың боялып бiтуiнiң және жапсарлардан басқа ерiтiндiлердiң пайда болуына әкеп соқтырады. Кiрпiштiң жарықшағы және қалаулардың жапсарлары арқылы шыққан газ бен от әсiресе ағаштың, құрылғының тез жануына әкеп соқтырады.

«Өрт түтiн шыққышта жиналып қалған күйенiң жануынан да болуы мүмкiн. Ағаш 300°С жуық температураға дейiн қызған кезде оның тұтанатынын бiлу керек. Пештiң немесе тұрбаның түпкi қабырғасына жақын қаптағыш немесе еден салуға болмайды, олар тек бөлгiштiң шетiне дейiн ғана жету керек. Пештi салғанда жанғыш ағаш қабырғалардың немесе қалқалардың аралығында 130 мм дейiн бөлгiш жақтан ағашты қорғаумен аралық жасалады, ал ағаш пен «түтiн» арасындағы қашықтық 250 мм-ден кем болмауы керек. Еден астымен қандай да бiр пеш күлдiктерi қосылуларының болуына қатаң тыйым салынады.

Мiндеттi түрде төбенiң жоғары жағынан бастап пештiң жабынына дейiн 350 мм кем емес төбенi бөлместен арақашықтық қалдыру керек, ал төбенi бөлгенде 250 мм болу керек. Ол қарау, жөндеу және шаңнан тазалау үшiн ыңғайлы болуы қажет. Қандай да бiр пештiң оттығының алдындағы ағаш едендер екi қабат киiзбен немесе асбестпен бөлектенедi және мөлшерi 500 X 700 мм кем болмайтын болат жабынмен плинтустарды жабумен қапталады.

Пеш пен тұрбаларды жүйелi түрде қарау және де бұзылуларды жөндеу керек. Қыс уақытында әсiресе пештер мен тұрбаларға мұқият қарау керек, өйткенi оны көп жағады», — дейдi Өскемен қаласы ТЖ басқармасының мемлекеттiк өрт бақылау бөлiмiнiң аға инженерi Валентин Литвиненко.

Пештi қолданған кезде өрт қауiпсiздiгi ережесiн сақтамау себебiнен болатын өрттердiң алдын алу үшiн негiзгi ережелердi есте сақтаңыз:

  1. Жылыту маусымы басталардың алдында пештердi және түтiн шыққыштарды тазалау, жөндеу және олардан шыққан түтiннен, пайда болған қара жарықшақтарды байқау үшiн әкпен немесе балшықпен ағарту керек. Түтiн шыққыштарды тексерген кезде түтiн тартуына және бiтелiстiң жоқтығына, тығыздығы мен олардың бөлектенуiне, жанғыш құрылғыларды сақтап тұратын бөлiктердiң барлығы мен дұрыстығына аса көңiл бөлу керек. Есте сақтаңыз, пештi салу мен жөндеудi тек мамандарға тапсыру керек.
  2. Әрбiр пеш жеке iрге тасқа салыну және барлық жалпақтығымен ағаш құрылғылардың қандай да бiр қабырғасына жақын болмау керек. Олардың арасына саңылау — бөлшек қалдыру қажет. Оттықтың алдындағы ағаш еденге мөлшерi 50*70 см кем емес темiр табақ (оттық) қағу керек.
  3. Жанып жатқан пештi қараусыз қалдыру және кiшкентай балаларға тапсыру аса қауiптi.
  4. Пештi жағу үшiн жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдануға болмайды.
  5. Пеш қатты қызып кетпес үшiн оны бiржарым сағаттан аспайтын уақыт және күнiне ек-үш рет жағу керек.
  6. Ұйықтар алдында үш сағат бұрын пештi жағуды тоқтату керек.
  7. Қалауларда жарықшақтардың пайда болуының алдын алу үшiн, түтiн шыққышта жиналып қалған күлдi жүйелi түрде тазалап тұру қажет. Үш айда бiр рет түтiн шыққыштан күлдi тазалауға пешшi-тұрба тазалағышты шақырып отыру қажет.
  8. Пеште дым ағаштарды және киiмдердi кептiруге болмайды.
  9. Жихаздардың, перделердiң жанып жатқан пештен бiржарым метрден ары тұрғанына көңiл бөлiңiз.
  10. Ешқашанда пештi оттыққа ұзындығы бойынша симайтын ағашпен жағуға болмайды. Шөрке бойымен от жақын маңдағы заттарға, еденге және қабырғаға өтiп кетуi мүмкiн.
  11. Қыс уақытында түтiн шыққыштардың бiтелiп және қатып қалмауын болдырмау мақсатында айына бiр рет түтiн шыққыштардың бас жағын қарап отыру қажет.

Есте сақтаңыз, барлық өрт қауiпсiздiгi ережелерi мен нормалары адам өмiрiмен жазылған және осы қандай да бiр нормалардың бұзылуы ерте ме кеш пе сiздi қайғылы оқиғаға әкелiп соқтыруы мүмкiн.

Ақжар ауданың ТЖ болiмiнiң бастығы
азаматтық қөрғау подполковнигi
Қайрат Сатабалдинов

23.01.2020
Қаралым саны: 924
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz