Баспасөз-анонсы
Республикалық ғылыми жобалар байқауы 20 жылда алғаш рет онлайн режимде өтеді

ҚР БҒМ республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы Алматы қаласындағы «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК базасында 13-16 ақпан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауын өткізеді. Биыл республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысушы балаларға «Бөбек» білім беру және сауықтыру орталығының инфрақұрылымы берілді.

Биыл алғаш рет байқаудың ашық әрі айқын өтуі үшін «Дарын» РҒПО онлайн-трансляция ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұл — оқушылардың ғылыми жобаларын қорғау кезінде барлық секцияларда бір уақытта бейне-трансляция жүргізу бойынша алғашқы тәжірибе. Онлайн-трансляция Қазақстан Республикасының білім беру Ұлттық платформасында қолжетімді болады https://edu.mail.kz/services/online/. Пәндер бойынша секцияларды төмендегі сілтемелер арқылы көре аласыздар:

  1. Физика;
  2. Техника;
  3. Наука о Земле и космосе;
  4. Математика;
  5. Прикладная математика;
  6. Информатика;
  7. Экономика;
  8. Биология;
  9. Химия;
  10. Охрана окружающей среды и здоровья человека;
  11. История;
  12. Человек и общество;
  13. Краеведение;
  14. Литература;
  15. Әдебиет;
  16. Этнокультуроведение;
  17. Языкознание;
  18. Тіл білімі.
  • 13 ақпан (сағат 14:00-15:00), (сағат 16:00-19:30);
  • 14 ақпан (сағат 9:00-18:30);
  • 16 ақпан (сағат 11:00-13:00).

Байқаудың ашылу салтанаты 13 ақпан күні сағат 14.00-де Алматы қаласы Оқушылар сарайының мәжіліс залында өтеді.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі әр бөлімде қазылар алқасының пікірі мен ұсыныстары ескеріле отырып жүргізіледі.

Қосымша ақпарат мына телефондар бойынша: 87017110766, 8 (7172) 29-52-32, 29-50-76; 8 (7272) 62-78-62.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі

21.02.2019
Қаралым саны: 1254
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz