1 қыркүйекте 6 жасқа толмаған балалар мектепке бара алады — БҒМ

1 қыркүйекте 6 жасқа толмаған балалар мектепке бара алады — БҒМ

АСТАНА. ҚазАқпарат — 0-сыныптың мәнi мен мақсаты — балабақшалардағы даярлық топтарына бiрыңғай бағдарламалар мен оқулықтарды енгiзу. Бұл туралы ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң баспасөз қызметi мәлiм еттi, деп хабарлайды ҚазАқпарат тiлшiсi.

ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Мектепке дейiнгi және орта бiлiм департаментiнiң хабарлауынша, мектепалды даярлық сыныбын (0-сынып) енгiзудiң мәнi өте қарапайым. Басты мақсат — балаларды бiрiншi сыныпқа бiрыңғай бағдарлама бойынша дайындау. Оның iшiнде бiрiншi сынып бағдарламасының бiр бөлiгiнiң (сандар мен әлiпби) 0-сынып бағдарламасына ауысуы, сондай-ақ тәрбиешiлердiң дәрежесiн бастауыш сынып мұғалiмдерiнiң дәрежесiне дейiн жеткiзу. 0-сынып үшiн бiрыңғай бағдарлама мен оқулықтарды енгiзу 2020 оқу жылының қыркүйегiне жоспарланып отыр. Атап айтқанда, бүгiнде 0-сынып — балабақшадағы даярлық тобы. «Егер де мектептiң өз ғимаратында 0-шi сынып ұйымдастыруға мүмкiндiгi болса, оған толықтай құқығы бар. 0-сыныпты енгiзу құқығынан балабақшаларды ешкiм айырған жоқ. Осылайша, 2020 жылы елiмiз бойынша барлық мектептер мен балабақшаларда 0-сыныптар ашылады. Алайда қолданыстағы Бiлiм туралы заңнамада балаларды 6 жастан 1-сыныпқа баруға мiндеттейтiн норма бар. Заңның аталмыш нормасына өзгерiс енгiзiледi», — делiнген министрлiк хабарламасында. 2019 жылы, яғни былтырғыдай 1 қыркүйекте толық 6 жасқа толатын балалар 1-сыныпқа бара алады. 1 қыркүйекке дейiн 6 жасқа толмаған балалар ата-ананың қалауымен мектепке бара алады немесе балабақшада қалуына болады. 7 жасар балалар да бiрiншi сыныпқа қабылданады. «Егер де бала мектепалды даярлық сыныбының бағдарламасын балабақшада меңгерсе, мектепте оны қайта оқи алмайтындығын және 1-сыныпқа баруы керектiгiн ескеруiмiз қажет», — дейдi министрлiк өкiлдерi.

https://www.inform.kz/ru/smysl-vnedreniya-nulevogo-klassa-poyasnili-v-mon-rk_a3499693

19.02.2019
Қаралым саны: 1336
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz