Қазақстандық IT-команда жеті дүркін әлем чемпионын артқа тастап, үздік атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Ел тарихында алғаш рет Халықаралық ақпараттық технологиялар университетiнiң IT командасы жетi дүркiн әлем чемпиондарын артқа тастап, халықаралық дәрежеде үздiктер қатарынан көрiндi. Бұл туралы ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiне сiлтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлайды.

2 желтоқсанда Санкт-Петербург, Барнаул, Алматы, Тбилиси қалаларында бiр уақытта Northern Eurasia (Солтүстiк Евразия) өңiрiндегi студенттiк командалар арасында бағдарламалау бойынша халықаралық олимпиаданың қорытынды кезеңi өттi. Финалға ТМД елдерiнен 318 команда қатысты. Құрамына Темiрлан Сатылханов, Абай Баймұқанова, Айбар Қуанышбай кiрген Халықаралық ақпараттық технологиялар университетiнiң командасы 13 есептiң 8-iн шығарып, ТМД елдерi арасында жүлделi 4 орынды, Қазақстан бойынша 1 орынды иеленiп, алтын медальға қол жеткiздi. Ендiгi кезекте қазақстандық команда 2019 жылғы сәуiр айында өтетiн әлемдiк финалға қатысады. «Бұл — университетiмiздiң биылғы ең үлкен жеңiсi. Бiз мұндай көрсеткiшке 6 жыл көлемiнде қол жеткiзе алмап едiк. Ендiгi кезекте ел тарихында алғаш рет әлемдiк чемпионатта үздiктер қатарынан көрiнемiз деген үмiт бар бiзде. Бұл жолы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетiнiң студенттiк IT командасы жетi дүркiн Әлем Чемпионы Санкт-Петербург қаласындағы ұлттық зерттеу ақпараттық технологиялар, механика және оптика университетiнен (ИТМО) озып, халықаралық дәрежеде үздiктер қатарынан көрiндi. Бұл — өте жақсы көрсеткiш» — дейдi Халықаралық ақпараттық технологиялар университетiнiң ректоры Дамир Шыныбеков.

Қорытынды жекпе-жекте 7 есептi шығарған ҚБТУ командасы да жақсы өнер көрсетiп, ТМД елдерi бойынша 14-орынды иелендi. Олар Қазақстан бойынша 2-орында тұрақтады. Ал, 4 есептi шешкен Назарбаев Университетiнiң командасы ТМД елдерi бойынша 81-орынды, Қазақстан бойынша 3-орынды иелендi. Жеңiмпаз команданың көрсеткiштерi ТМД өңiрiнде соңғы 5 жылдағы ең үздiк деп танылып отыр. ЖОО жеңiсi — Қазақстан үшiн үлкен жетiстiк, өйткенi ел тарихында бiр де бiр команда Солтүстiк Еуразия өңiрiнде мұндай көрсеткiшке қол жеткiзбеген. Айта кетейiк, олимпиадалық қозғалыс Қазақстанда 2000 жылдары басталған.

04.12.2018
Қаралым саны: 1301
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz