Түсушiлердiң назарына! 2019 жылғы 10 мамырда Ұлттық бiрыңғай тестiлеуге қатысу үшiн өтiнiш қабылдау аяқталады

Түсушiлердiң назарына!

2019 жылғы 10 мамырда Ұлттық бiрыңғай тестiлеуге қатысу үшiн өтiнiш қабылдау аяқталатыны туралы естерiңiзге саламыз. Күнтiзбелiк жылғы 10 мамыр мен 5 маусым аралығында:

Түсушiлердiң назарына! 2019 жылғы 10 мамырда Ұлттық бiрыңғай тестiлеуге қатысу үшiн өтiнiш қабылдау аяқталады

  • қалауы бойынша республикалық бюджет немесе жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен бiлiм беру грантын беру конкурсына қатысу үшiн немесе ЖОО-ға ақылы негiзде оқуға қабылдану үшiн немесе республикалық бюджет қаражаты есебiнен мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша бiлiм алу үшiн орта бiлiм беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бiтiрушiлерi;
  • республикалық бюджет немесе жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен бiлiм беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негiзде оқуға қабылдану үшiн орта бiлiм беру ұйымдарының өткен жылғы бiтiрушiлерi мен техникалық және кәсiптiк немесе орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының бiтiрушiлерi;
  • республикалық бюджет немесе жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен бiлiм беру грантын беру конкурсына қатысу үшiн жоғары бiлiмнiң қысқартылған оқыту мерзiмдерiн көздейтiн бiлiм беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетiн техникалық және кәсiптiк немесе орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының бiтiрушiлерi тапсырады;

Күнтiзбелiк жылғы 10 мамыр мен 5 маусым аралығында:

Түсушiлердiң назарына! 2019 жылғы 10 мамырда Ұлттық бiрыңғай тестiлеуге қатысу үшiн өтiнiш қабылдау аяқталады

  • республикалық бюджет немесе жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен бiлiм беру грантын беру конкурсына қатысу үшiн немесе ЖОО-ға ақылы негiзде оқуға қабылдану үшiн халықаралық алмасу желiсi бойынша шетелде бiлiм алған орта бiлiм беру ұйымдарының бiтiрушiлерi мен шетелде бiлiм алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар тапсырады.

ҰБТ 2019 жылғы 20 маусым мен 5 шiлде аралығында өткiзiледi. Маусым айындағы ҰБТ сертификаты бiлiм беру грантын беру конкурсына қатысуға немесе жоғары оқу орнына ақылы негiзде қабылдануға мүмкiндiк бередi.

Өтiнiштер ҰБТ өткiзу пункттерiнде және желiлiк жоғары оқу орындарында қабылданады.

Ағылшын тiлiн меңгергендiгiн растайтын халықаралық сертификаттары бар тұлғалар «Шет тiлi (ағылшын тiлi)» пәнi бойынша ҰБТ-дан босатылады.

2019 жылдан бастап бiлiм гранттары бiлiм беру бағдарламаларының топтары бойынша берiлетiн болады. Бiлiм беру бағдарламаларының тобына бiрнеше бiлiм беру бағдарламалары кiредi. Жоғары оқу орнына қабылдау кезiнде оқуға түсушiлер одан әрi оқу үшiн нақты бiлiм беру бағдарламасын таңдайды. Түсушiлердiң бiлiм беру гранттарын беру конкурсы кезiнде бейiндiк пәндерi сәйкес келген жағдайда 4 бiлiм беру бағдарламалары топтарына дейiн таңдауға мүмкiндiгi бар.

Қазақстан Республикасы Бiлiм және
ғылым министрлiгiнiң Ұлттық тестiлеу орталығы

02.05.2019
Қаралым саны: 1311
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz