тұрмыстық газ баллонды пайдаланудағы техникалық қауіпсіздік ережелері

Баллонды лақтырмаңыз. 

Баллонға соққы жасамаңыз. 

Баллонды қызатын жерге қоймау кажет, баллонда жарылғыш заттардың бар екенiн ұмытпау керек.

Баллонды арнайы желдетпелi жәшiкте (үйден тыс) немесе арнайы ғимаратта, жердiң деңгейiнен төмен емес (баллон газы ауадан ауыр және ол түбiнде жиналып тұрады) ұстау қажет.

Баллондарды тiгiнен орнатыңыз. 

Пайдаланылған баллонды сақтамаңыз, жедел түрде қайта құюға жiберiңiз: әр баллонда кiшкене сұйық газ қалады, ол ұшқынның болуына үлкен әсер етедi.

Вентильдiң аузындағы кiшкене пайда болған отты немесе баллонның қызып тұрған кезiнде жабу үшiн жалаңаш қолмен вентильдi ұстамаңыз.

Ыстық вентильге қалың сулы матаны жауып, содан кейiн вентильдi жабыңыз.

Газдщың шығып тұрғанын сабын көбiгiмен анықтауға болатынын есте сақтаңыз.

Қайрат Сатабалдинов,
Ақжар ауданының Төтенше жағдайлар бойынша бастығы,
азаматтық қорғау подполковнигi

23.01.2020
Қаралым саны: 816
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz