Мұз үстінде қауіпсіздік

Әр бiр адам мұзбен байланысты төтенше жағдайларға кездесуi мүмкiн: балық аулауда, аң аулауда, жорыққа шықанда, серуендеуде, су қоймаларды өту кезiнде және т.б. «Мұз аймағында» зақымдану және апат болудың аса мүмкiндiктерi — мұз астына батып кету, аса суытылу (қатып қалу), суық тию аурулары, жарақат және т.б.

Егер көмектi сiз көрсететiн болсаныз:

Мұз сынған жерге аяқта тұрып баруға болмайды, қарыңызбен еңбектеп, қолдарыңызды және аяқтарыңызды жан-жаққа созып, жақындауыңыз қажет. Тақта немесе шанғыға тiркелген жөн. Зардап шегушiге керектi қашықтыққа жақындаған кезде, оған қол астында бар (белдiк, жiп, арқан, мойын орауғыш, куртка және т.б.) заты үстатыңыз.

Ағаш заттарды: сырғауылды, тақтаны, шанғыны, сатыны мұз құлаған жерге итерiңiз. Зарадап шегушi берген затқа үсталынған кезде, асқпай өзiнiзге тартуыныз қажет.

Судан құтқарылған адамның кйiмiн дереу құрғақ киiмге ауыстыру немесе су кйiмдi сығып-кептiрiп кигiзу қажет. Тәттiнi (қант, жемiс қайнатпа, шоколад және т.б.) аздап беру қажет. Белсендi қимылдатқызу (отырып — түру, қолдарымен желпеу, бет пен мойынды уқалау) керек, iшiнен тез жылыну үшiн.

Мұз құлағанда адамдардың iс-әрекеттерi:

Салқын суда тәжiрибелi және денi сау адамдар санаулы уақытта аса суытылғандықтан қаза болуы мүмкiн. Суға түскен жағдайда кез келген заттан ұстаныңыз: канистралар, полиэтилендiк бөтелкелер. Бас пен мойынды су үстiнде үстауға талпыныңыз, өз ағзаңыздың жылулығын жоғалтуын төмендету үшiн. Тыныштықты сақтау, дiрлiктiрмеу, терiс ойламау қажет. Үстiңiздегi су болған киiмiңiздi шешпеңiз, су киiм адамның салқындау прцесiн ақырындатады. Тек аяқ-киiмдi шешуге болады, өйткенi аяқ-киiм ауыр, ол сiздi су түбiне тартады.

Суда өз мүмкiндiгiнiзше қимылсыздықты сақтауыныз қажет, өйткенi белсендi қимылдау жылу шығарушылықты көбейтедi, бұл бүкiл дененiң аса суытылғандығын жылдамдатады. Есте сақтаныз: күштi қалтырау, аяқ — қолыңыздың, саусақ бастарыңыз аура бастаса және олар сiлейiп қатып бара жатса — бұл белгi сiздiң өмiрiңiзге қауiптi емес. Өлiмге жалпы дененiң аса суытылуы әкеледi. Судағы қимылсыздық сiздiң өмiр сүру мерзiмiн көбейтедi. Сiңiрдiң тартылуынан қорықпаңыз, жаңға батса да, ол өлiмге әкелмейдi. Оларды болдырмау үшiн, сiңiр тартылған жердi уқалау керек. Сiңiрдiң тартылған жерiң бiрнеше рет шымшып алу керек. Сiңiр тартылған аяқты қолыңызбен созып, түзелеу қажет.

Мұз үстiнде тәртiбiнiң қарапайым ережелерi:

  • түнде, қар немесе жаңбыр жауып жатқанда, жаман көрiнесте мұз үстiне шықпаныз, өйткенi жусанды немесе майнаны уақытылы көрмей қалуыныз мүмкiн;
  • өзендi өтер кезiңде, тапталған жолмен жүрген жөн, бұл жолдар қауiптi;
  • топпен су қойманы өтерде, бiр-бiрiнен 5-6 метр қашықтықта өткен қауiптi болады;
  • су қойманы өттерде арқа қоржын бiр иықта iлiнiп түруы керек, егер құласаныз сiз оны жылдам шешiп тастай аласыз;
  • мұздың берiктiгiн таяқпен тексеру керек, аяқпен еш жағдайда тексеруге болмайды;
  • су қойманы мас күйiнде өтуге болмайды, алкоголь жылдамдықты есерлетедi және артық батылдық пайда болады;
  • бiр жерден бiрнеше балық аулау шұңқырларын тесуге болмайды.

Қайрат Сатабалдинов,
ТЖ бөлiмнiң бастығы Ақжар ауданы ТЖД СҚО,
азаматтық қорғау подполковнигi

23.01.2020
Қаралым саны: 904
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz