Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиадасының облыстық кезең жеңімпаздары

18 сәуір күні қазақ тілі мен әдебиетінен академик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі on-line режимінде «Қызылжар дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы» КММ-мен ұйымдастырылды. Олимпиада мақсаты – Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету болып табылады. 9-сыныптан Май ОМ-нің оқушысы Лұқман Айнара (мұғалімі – А.С.Ибраева), 10-сыныптан Үлгілі ОМ-нің оқушысы Ғибадат Айлана (мұғалімі – Ж.Е. Шакенова)және Горьковский ОМ-нің 11-сынып оқушысы Лес Айдана (мұғалімі – Б.Т. Исина) қатысты. Нәтижесінде үш қатысушының үшеуі де жеңімпаз атанып, Лұқман Айнара мен Ғибадат Айлана 12-14 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында өтетін республикалық кезеңге қатысып, облыс намысын қорғамақшы. Айнара мен Айланаға республикалық кезеңде жеңіс тілейміз.

 

Бөлім әдіскері Аягөз Хасенова

 

24.04.2024
Қаралым саны: 46
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz