Ақжар ауданының құрметтi жерлестерi мен қонақтары, Ақжар ауданының Төтенше жағдайлар департаментi ескертедi.
Тұрғын сектордағы өрттердiң себептерi:
- халықтың отпен абай болмауы, балалардың отпен ойыны;
- пештердi, түтiн құбырларды, электр қыздырғыш аспаптарды орнатқан және пайдаланған кезде өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу.
Пештi пайдаланған кезде мыналарды бiлу қажет:
- жанып жатқан пештi қараусыз қалдырмаңыздар;
- бензин, керосин, дизельдi отын, май және басқа да тез тұтанатын жанғыш сұйықтықтарды пештi тұтандыру үшiн қолданбаңыздар;
- осы отын түрiне арналмаған пештерде көмiр, кокс және газ жақпаңыздар;
- пештi тым қыздырмаңыздар, сөндiрiлмеген күл мен көмiрдi ағаш құрылыстардың жанына төкпеңiздер.
Электраспаптарын пайдаланған кезде мыналарды бiлу қажет:
- ақаулы электраспаптарын қолданбаңыздар;
- бiр электррозеткесiне бiр мезгiлде бiрнеше аспаптарды қоспаңыздар;
- электрқыздырғыш аспаптарының жанында iш киiмдер мен аяқ киiмдердi кептiрмеңiздер;
- электраспаптарын қосылған түрiнде қалдырмаңыздар;
- үйде балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.
Отты пайдаланғанда өте сақ болыңыздар! Өзiңiздi және мүлiктерiңiздi өрттен сақтаңыздар!
Қайрат Сатабалдинов,
Ақжар ауданының Төтенше жағдайлар бойынша бастығы,
азаматтық қорғау подполковнигi
21.01.2020
Қаралым саны: 845
Қаралым саны: 845