Тұрғын секторда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!

Ақжар ауданының құрметтi жерлестерi мен қонақтары, Ақжар ауданының Төтенше жағдайлар департаментi ескертедi.

Тұрғын сектордағы өрттердiң себептерi: 

  • халықтың отпен абай болмауы, балалардың отпен ойыны;
  • пештердi, түтiн құбырларды, электр қыздырғыш аспаптарды орнатқан және пайдаланған кезде өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу.

Пештi пайдаланған кезде мыналарды бiлу қажет:

  • жанып жатқан пештi қараусыз қалдырмаңыздар;
  • бензин, керосин, дизельдi отын, май және басқа да тез тұтанатын жанғыш сұйықтықтарды пештi тұтандыру үшiн қолданбаңыздар;
  • осы отын түрiне арналмаған пештерде көмiр, кокс және газ жақпаңыздар;
  • пештi тым қыздырмаңыздар, сөндiрiлмеген күл мен көмiрдi ағаш құрылыстардың жанына төкпеңiздер.

Электраспаптарын пайдаланған кезде мыналарды бiлу қажет:

  • ақаулы электраспаптарын қолданбаңыздар;
  • бiр электррозеткесiне бiр мезгiлде бiрнеше аспаптарды қоспаңыздар;
  • электрқыздырғыш аспаптарының жанында iш киiмдер мен аяқ киiмдердi кептiрмеңiздер;
  • электраспаптарын қосылған түрiнде қалдырмаңыздар;
  • үйде балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. 

Отты пайдаланғанда өте сақ болыңыздар! Өзiңiздi және мүлiктерiңiздi өрттен сақтаңыздар!

Қайрат Сатабалдинов,
Ақжар ауданының Төтенше жағдайлар бойынша бастығы,
азаматтық қорғау подполковнигi

21.01.2020
Қаралым саны: 855
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz