20 маусымда грантқа ие болғысы келетiндер үшiн тестiлеу басталады.
Қазақстанның премьер-министрi алда келе жатқан бiрыңғай ұлттық тестiлеуге байланысты тапсырмалар бердi, деп хабарлайды Zakon.kz тiлшiсi.
ҰБТ-да балаларды тексеру мейлiнше жылдам және дұрыс формада өтуi тиiс, дедi Асқар Мәмин үкiмет отырысында.
— 20 маусымда грантқа ие болғысы келетiндер үшiн тестiлеу басталады. ҰБТ-ға толық дайындық қамтамасыз етiлсiн. Министрлiктiң мақсаты тестiлеу өтетiн барлық орындардың жұмысын үйлестiру. IIМ, Денсаулық сақтау министрлiгi мен ҰҚК ҰБТ қатысушыларының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қажеттi шаралардың барлығын қолға алсын. ҰБТ-да балаларды тексеру мейлiнше жылдам және дұрыс формада өтуi тиiс, — деп тапсырды Мәмин.
Бұған дейiн ҚМ БҒМ басшысы Асхат Аймағамбетов биыл ҰБТ маусымның 20-сы мен 30-ы аралығында 169 жерде өтетiнiн мәлiм еткен. Тестiлеуге 117 242 адам қатысады деп күтiлуде.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Қаралым саны: 1575