ҰБТ-ға кiретiн балаларды тексеру жылдам және дұрыс өтуi керек — Мәмин

20 маусымда грантқа ие болғысы келетiндер үшiн тестiлеу басталады.

Қазақстанның премьер-министрi алда келе жатқан бiрыңғай ұлттық тестiлеуге байланысты тапсырмалар бердi, деп хабарлайды Zakon.kz тiлшiсi.

ҰБТ-да балаларды тексеру мейлiнше жылдам және дұрыс формада өтуi тиiс, дедi Асқар Мәмин үкiмет отырысында.

— 20 маусымда грантқа ие болғысы келетiндер үшiн тестiлеу басталады. ҰБТ-ға толық дайындық қамтамасыз етiлсiн. Министрлiктiң мақсаты тестiлеу өтетiн барлық орындардың жұмысын үйлестiру. IIМ, Денсаулық сақтау министрлiгi мен ҰҚК ҰБТ қатысушыларының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қажеттi шаралардың барлығын қолға алсын. ҰБТ-да балаларды тексеру мейлiнше жылдам және дұрыс формада өтуi тиiс, — деп тапсырды Мәмин.

Бұған дейiн ҚМ БҒМ басшысы Асхат Аймағамбетов биыл ҰБТ маусымның 20-сы мен 30-ы аралығында 169 жерде өтетiнiн мәлiм еткен. Тестiлеуге 117 242 адам қатысады деп күтiлуде.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

18.06.2019
Қаралым саны: 1576
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz