Үйден шыққанда естен шығармаңыз

Қауiпсiздiк  — адамға, оның тамаққа, суға, киiмге, тұрғын үйге қажеттiлiгiмен бiрге ең басты қажеттiлiк болып табылады. Тұрғын үйде болған өрт — бұл үлкен дерт. Өрт өз жолында бәрiн құртады, бiрнеше секундта адамдар баспанасынан, жылдар бойы жинаған мүлiктен, ал кейде ең бастысы — өмiрiнен айырылады.

Статистикаға сүйенсек, бiр жыл iшiнде өрттердiң басым бөлiгi тұрғын-үй секторында болады. Бұл өрттер кезiнде көбiнесе адамдар зардап шегедi және жарақат алады. Адам факторы тұрғын-үйде болатын барлық өрттердiң себебi болып табылады. Өрт үлкен материалдық шығынға әкеп соқтырады, және көбiнесе адам өмiрiнiң қиылуына әкеледi. Сондықтан өрттен қорғау әр қоғам мүшесiнiң басты мiндетi, ал профилактикалық шаралар жалпы мемлекеттiк масштабта өткiзiледi.

Бүгiнде тұрғын-үйлер мен пәтерлерде өрттiң туындау мүмкiндiгiн арттыратын жанатын заттармен, синтетикалық құралдар және әртүрлi тұрмыстық техникамен жабдықталған, тiптi кiшiгiрiм алау синтетикалық материалдардың жануы кезiнде улы газдар бөлетiндiктен адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiредi.

Өмiрдiң жоғары ритмi, әрдайым уақыттың жетiспеуi — осы барлық факторлар тұрғын-үй секторында өрттiң туындау тәуекелiн арттырады. Өрттiң негiзiгi себептерi болып анықталды: сөнбеген жылыту құралдары, өздiгiнен жасалған жылытқыштарды пайдалану, мас күйiнде төсекте шылым шегу, балардың отпен ойнауы.

Өрт әрқашан әлеуметтiк бейiмсiз және сәтсiз азаматтардың кесiрiнен пайда болады. Мұндай адамдар мерекелердi өткiзудi жақсы көредi, содан кейiн өздерiнен қалған шылымдарды тастайды және электр құралдарын сөндiрмей ұйықтап қалады.

Аудан ТЖ бөлiмiнiң қызметкерлерi, азаматтарды өрт қауiпсiздiгiнiң қарапайым ережелерiн орындауға, кезектi қайталап шақырады. Сiздiң қауiпсiздiгiңiз Сiздiң қолыңызда. Өрт сөдiру қауiпсiздiгiне зинақорлық, сiз өзiңiздiң үйiңiз бен өмiрiңiздi сақтайсыздар.

Қайрат Сатабалдинов,
Ақжар ауданы ТЖБ-нiң бастығы
азаматтық қорғау подполковнигi

23.01.2020
Қаралым саны: 941
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz